«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жиһаз нарығы: жұмыс бәріне жетеді

2016 жылғы 02 Наурыз
- Қарағанды облысы
11899 просмотров

Қарағандының жиһаз өндірушілеріне ЭКСПО-2017 тапсырыстарын алу мүмкіндігі туып тұр

Бүкіл әлемдік көрмені жиһазбен жабдықтайтын негізгі жеткізуші болу үшін біздің өндірушілерге бүкіл жағдай жасалған. Өйткені өңір іс шара өтетін орынға жақын орналасқан, мұнда қуаттылығы жағынан нөмірі бірінші атақты эксперименттік зауыт, білікті мамандар мен ғимарат бар.

Бүгінде осы салада Қарағанды облысының аумағында 21 кәсіпорын жұмыс жасауда, оның біреуі ірі зауыт, қалғаны – ұсақ мердігерлер. ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының мәліметі бойынша олардың ең жоғарғы жұмыс ауқымы 60% құрайды. Кезекті тендерлерді күту кезінде өндірушілерге біраз уақытқа жұмысты тоқтатуға тура келеді.

«Атамекен» ҰКП өңдеу өнеркәсібі комитеті хатшылығының сарапшысы Төлеген Молдахметов Қарағанды кәсіпорындарында өткен кездесу барысында өткен жылы қазақстандықтардың 72 млрд. теңгеден астам сомаға жиһаз сатып алғандығын мәлімдеді.

«Жиһаз нарығының жалпы көлемі шамамен 98 млрд. теңгені құрады, ал пайданың қомақты үлесін Украина, Ресей, Қытай және Түркия өндірушілері ие болады. Яғни өз жиһазымызды экспорттау мәселесін көтермей тұрып, ішкі нарықтың өзін қамтамасыз етсек жақсы пайда тапқан болар едік», – дейді ол.

Қауымдастық статистикасына сәйкес, жиһаз өндірушілерінің 28%-ы ғана нақты өндірушілер болып табылады. Елімізде жиһаз шығаратын 700, нақты жұмыс істейтін – 500, белсенді – 300 компания тіркелген. 200 млн. теңгені құрайтын айналымға ие бар-жоғы 20 компания бар, қалғандары – «ауладағы» өндірістер.

Т.Молдахметовтың мәліметі бойынша, 2014 жылы жүргізілген талдау көрсеткендей, елімізде 200-ден астам жиһаз өнімін жеткізушілер бар.

«Бұл компаниялардың белгілі бір тендер арқылы құрылатындығын ғана білдіреді. Конкурс өте салысымен компанияны жауып тастайды. Біз үнемі өз деректерімізді жетілдіріп, бағдарлы министрліктерде хабарлаймыз. Қазірдің өзінде отандық тауар өндіріушілерді қолдау аясында, сонымен бірге ДСҰ-на кіру кезіндегі тәуекелдерді азайту үшін индустриалды сертификат жасалған. Осы құжатты алу үшін өндіріс қуаттылықтарының бар екендігін дәлелдеу қажет. Енді конкурстарға бір күндік-фирмалар жіберілмейтін болады», – деп мәлімдеді комитет өкілі.

Ал жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының директоры Ержан Садықов өз кезегінде барлық жиһаз өндірушілерін біріктіруге шақырды.

«Мен жай ғана жекелеген өндіруші болып, конкурстар мен тапсырыстар туралы ақпарат іздестіру жолында үлкен кабинеттерге бас сұғып жүрген уақытта мені қабылдау бөлмесінен-ақ шығарып салатын. Мен барлық өндірушілерге оларға қандай да бір келісім-шарт жасау мүмкіндігін беруге болмайтын бәсекелес ретінде қарадым. Бірақ содан кейін мен нарықты зерттеп білдім, оның аса үлкен екендігіне көз жеткіздім. Жалғыз жүріп алаңда жауынгер бола алмайсың, ал тапсырыс бәріне жетеді. Мен Қауымдастыққа осылай келдім, мұнда менің даусыммен де, әріптестерімнің даусымен де санасады. Жеке компания немесе жергілікті бірлестік болып біз ешнәрсе шеше алмаймыз, сондықтан да бас қосып, жұмысты жария түрде орындауымыз және өз тұтынушымыздың сеніміне ие болуымыз шарт», – деді ол.

Е.Садықовтың сөзіне қарағанда, Қауымдастық мүшелерінің жартысынан көбі – алматылық өндірушілер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер