«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеке бизнес ашу әркімнің көкейіндегі ой

2016 жылғы 04 Наурыз
- Қарағанды облысы
13581 просмотров

Приозерск қаласындағы су тазарту ұжымының шақыртуымен ӨКП өкілдері кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

Қатардағы азаматты не қызықтырады? Әлбетте, мемлекет ұсынып отырған барлық мүмкіндіктер.

Палатаның өңірлік филиалы директоры Азамат Шалғымбаевтың айтуынша, кейде қолдау құралдары туралы толық ақпарат алуға азаматтардың уақыты болмай жатады.

«Кейде қолың тимейтін жағдайлар болады, үлгермедің, ұмытып кеттің деген сияқты. Барып, біліп келу керек еді деп жүре береді. Сондықтан мұндай азаматтарға біз өзіміз келіп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіреміз. Бұл кәсіпорын ұжымында 20 адам жұмыс жасайды. Олардың барлығына да бизнесті қалай ашу керектігі қызық», – деді директор.

Олардың кейбірі мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы салаларындағы бизнеске қызығушылық танытса, тағы біреулері фотосалон ашып, үшіншілері жекелеп сатумен айналысқысы келетінін айтты. Кей жұмысшыларға тап сол жерде жеке кеңестер берілді. Олар енді Палата кеңсесіне баруға ниеттеніп отыр.

Ал бұл уақытта Қарағанды облысында «Бизнес-кеңесші» курстары өз жұмысын бастап та кетті. Приозерскіде бизнес негіздерін үйренгісі келетіндер аз емес екен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер