«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сүт, ет және аяқ киім

2016 жылғы 16 Наурыз
- Қарағанды облысы
14353 просмотров

Осакаров ауданы кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы жəрмеңкелеріндегі антисанитария проблемасын көтерді

Ауыл шаруашылығы өнімдері жəрмеңкелері ауданда апта сайын ұйымдастырылады. Фермерлер өздері өндіретін ет, сүт, қаймақтарды əкеліп сатады. Бұл күндері қаладан шұжық, ірімшік, нан-тоқаш сататын саудагерлер келіп, сауда жасайды. Алайда жауапты органдар санитарлық жағдайларды қадағаламайды, ал сөрелер мен витриналардың болмауынан саудагерлер саудасын арнайы киімсіз жүзеге асырады.

Жеке кəсіпкер Владимир Мажур жəрмеңкенің ашық аспан астында өтетініне және тауардың беті жабылмайтынына наразылық білдіріп отыр. «Өткен жаз бойы біз өнімдерді айнала ұшқан шыбыннан көз ашпадық.  Тоңазытқыш та жоқ. Мұндай сатушылардың санэпидемстанция тарапынан қысым көрмей,  ал жергілікті дүкендердің тексерістен көз ашпайтыны əділетсіз ғой. Жаз келе жатыр, бірақ бəрі де өзгеріссіз сол күйінде қалатынына шүбəм жоқ»,– деп шағым айтты ол.

Осакаров ауданы Кəсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ботагөз Сыздықованың айтуынша, мұнда жергілікті өндірушілер ұтылып отыр. «Жəрмеңкеде арзан азық-түлік сатылуы тиіс деген пікір қалыптасқан. Алайда, көріп отырғаныңыздай, олай емес. Мәселен сырттан келген сатушылар шұжық əкеліп сатады делік. Аудан тұрғындары олардың тауарын таласып-тармасып алып кетеді де, біздің шұжық қоймаларда қалады. Ал сапасы мен бағасы жөнінен олар анағұрлым алда тұр»,– дейді ол.

Мұндай жәрмеңкелердегі тағы бір проблема – тауарлардың ретсіздігі.  Сүтпен қатар ет те, аяқ киім де сатыла береді. Палата филиалы жәрмеңкелердегі сауданы ретке келтірмекші. Ал мемлекеттік органдар болса 2016 жылдың бірінші жартысында Осакаров ауданындағы ШОБ-қа қатысты 129 тексеріс жоспарланып отырғанын хабарлайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер