«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тариф бағамын заңсыз өсірген

2016 жылғы 18 Наурыз
- Қарағанды облысы
13261 просмотров

Абай қаласы кәсіпкерлері жылу тарифтерінің бұрынғы бағасын қайта тағайындады

Қарағанды облысы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет департаменті «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС-ның жылу энергиясын беру, бөлу және қамту қызметтері тарифін бекіту туралы бұйрығының күшін жойды. Бұл ұсыныс Қарағанды облысы Абай ауданы Кәсіпкерлер Палатасының директоры Надежда Перегонның өтініші бойынша Прокуратурадан келіп түсті.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың 19 қаңтарында облыстық ТМРКД бұйрығымен жаңа тарифтер бекітіліп, оған сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне 1 Гкал үшін 5981 теңге 56 тиын көлеміндегі төлем бекітілген. Бұрынғы тариф 2050 теңге 14 тиынға тең болған, осылайша тарифтер үш есеге қымбаттаған. Ал бюджеттік сала ұйымдары үшін тариф монополияға қарсы органның бұйрығымен 30%-ға арзандаған.

Алайда тарифтерді көтеруге байланысты тыңдалымдарда заң талаптары сақталмаған. Заңға сәйкес бұл туралы хабарландыру кемінде 5 күн бұрын таратылуы керек еді. Тыңдалымдар туралы ақпарат тек 3 күн бұрын ғана ілінген, онда да оның екі күні демалыс күндеріне тап келген.

Кәсіпкерлер палатасының Абай ауданы филиалына жолдаған өтінішіне 63 кәсіпкер қол қойған.

2015 жылдың 21 шілдесіне дейін қаланың жылумен қамтылуын «Қазақмыс» корпорациясы құрылтайшысы болып саналатын «Абайские тепловые сети» ЖШС жүзеге асырған. Ал аталған жылдың 21 шілдесінен бастап жаңа «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС кәсіпорны құрылып, оның жалғыз құрылтайшысы ретінде Абай ауданы әкімдігі белгіленді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер