«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ешқандай ымырасыз таза сауда

2016 жылғы 15 Маусым
- Қарағанды облысы
6360 просмотров

Өндірушілер мен жұмыртқа сатушылардың Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі комитет департаментімен арада туындаған дау-дамайы жарты жылға созылған

«Агрофирма Құрма» ЖШС, «Сельпром» ЖШС, «К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС, «Крупнофь» ЖШС, «Орталық Құс» ЖШС, Смағұлова ЖК секілді алты кәсіпорын күдікке ілінген.

Монополияға қарсы орган былтырғы жылдың тамызы мен қазан айлары аралығында ҚР «Бәсекелестік туралы» заңының 11 бабы, 2 тармағы бойынша қарастырылған «бәсекеге қарсы келісілген әрекет жасау белгілерін» тапқан болатын. Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша ТМРКД бұйрығымен бекітілген қорытындылар жасалды.

Қорытындыда 1-санатты жұмыртқаның орташа көтерме бағасын қыркүйек айында тамыз айымен салыстырғанда «Крупнофь» ЖШС 17,9%-ға, «Сельпром» ЖШС 32%-ға, Смағұлова ЖК 22,6%-ға; қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда «Крупнофь» ЖШС 16,5%-ға, «Сельпром» ЖШС 30,5%-ға, Смағұлова ЖК 22,8%-ға арттырған. Көрсетілген бағалардың пайыздық қатынасын талдау жұмыртқа бағасының ілеспе артуының орын алмағанын көрсетеді. Тұтынушыға арналған он жұмыртқаның бөлшектік бағасы 150-ден 180 теңгеге дейін жететін, яғни сатып алушыда таңдау болған, ал сатушыларда бағалық бәсеке болғанын атап айту керек. Осылайша, тергеуге алынған барлық нысандар арасында келісілген бәсекеге қарсы әрекеттер жасау дерегі болмаған.

Смағұлова ЖК мен «Крупнофь» ЖШС Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап жүгінеді, себебі оларға миллиондаған айыппұл салынбақшы болған.

Бұдан басқа, монополияға қарсы орган кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын дәлелдейтін іс жүзіндегі деректерді ұсынбаған және тізімдегі кей кәсіпкерлердің монополиялық кіріс түсіретіндей монополист еместігін, осыған байланысты сатылатын тауарлар бағасын өздігінен белгілей алуға құқылы екенін есепке алмаған. Бұдан басқа, тауарлар құнын арттыру үшін негіз болатын себептер мен деректерді зерттеу кезінде департамент тауар сатылымының маусымдық факторын да ескермеген.

Палата сарапшылары істі қарау кезінде ТМРКД әрекеттерінен кәсіпкерлік қызметке араласып, монополиялық қызмет атқармайтын бизнес субъектілерінің бағалық саясатына бақылау орнатуға тырысқанын анықтаған. Алайда, ӨКП заң бөлімінің сарапшысы Юлия Олейниктің айтуынша, тауық жұмыртқасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының тізіміне кіреді. Осылайша, «Сауда қызметі туралы» ҚР заңының 9-бабы 2-тармағында өкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына облыс, республикалық маңызды қала, астана аумағында тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде рұқсат етілген бөлшектеп сату бағасын орнатуға құқылы. «Алайда Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшектеп сату бағасы бекітілмеген. Осыған байланысты, ешқандай заңбұзушылық, сәйкесінше, бағаның көтерілуі де орын алмаған», – деп түсіндіреді кәсіпкер мүддесін сотта қорғаған заңгер.

Кәсіпорын иесі Василий Крупнов сот кезінде өз тауарына тек 2 теңге ғана  қосатынын айтқан, бұл туралы оның отырыста  ұсынған құжаттары дәлел. «Біздің нарықта жүргенімізге аз болған жоқ, жұмыс ережелерімен таныспыз және заңды бұзып отырғанымыз жоқ. Қандай ымыра? Біздің ортада бәсекелесіңмен келісу мүмкін емес, әр адам өз пайдасы үшін жұмыс жасайды. Бүкіл қаладағы жұмыртқаның бағасы бірдей болуы мүмкін емес, түсінесіздер ме?», – деген еді ол.

Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері Василий Крупнов пен Айгүл Смағұлова заң бұзбағанын дәлелдеп берген.

Кәсіпкерлерге миллиондаған айыппұлдар салынбақ болғанын айта кету керек: «Крупнофь» ЖШС-на 3,7 мн теңге, ЖК Смағұловаға 2,6 млн теңге. Бүгінгі таңда «Агрофирма Құрма», «Сельпром» ЖШС, «К.Маркс атындағы құс фабрикасы», «Крупнофь» ЖШС, «Орталық Құс» ЖШС, Смағұлова ЖК секілді 6 кәсіпорын кінәсіз екендіктерін және өз әрекеттерінің заңды екенін дәлелдеген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер