«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Гранттар жас кәсіпкерлерге бұйырды

2016 жылғы 04 Шілде
- Қарағанды облысы
14857 просмотров

Жас кәсіпкер Айдана Қауғабаева өз ісін бастап, ұлттық нақыштағы киімдер мен үй бұйымдарын тігумен айналысуға бел буғанына көп уақыт өте қойған жоқ

Сүйікті ермегін бизнеске айналдырудың жолы қандай екенін білмекке алдымен Кәсіпкерлер палатасының Осакаров аудандық филиалы мамандарының кеңесіне жүгінеді. Сол жерден бизнес-жоспарын құрып, қажетті құжаттарын жинастырады. Ал жуырда ол аудан әкімінің жас кәсіпкерлерге тағайындаған 300 мың теңгелік грантына ие болды.

Грант сертификаты Айданаға салтанатты түрде – Осакаров ауданы жастарының VI  форумында табыс етілді. Аудан әкімі Қайрат Шайжанов өңірдің көркеюіне үлес қосып отырған аймақ жастарына алғысын айтты. Жас кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, басқа да ниет етушілерді ынталадырмақ мақсатпен, ол «Ауылдағы жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту грантын» тағайындаған еді. Осы форумда бұл грантқа екі кәсіпкер – Айдана Қауғабаева мен тротуар плиткасын жасаумен айналысатын Айбат Торбаев ие болды.

Айбат грант қаражатын кәсіпорнын дамытуға жұмсамақ.

«Кәсіпорным осы уақытқа дейін қож-блок (шлакоблок) жасаумен айналысып келді. Ендігі шаруа аясын кеңейтіп, елді мекенді көркейте түссем бе деймін. Осы қаражатты пайдаланып тротуар плиткаларын жасайтын қондырғы алмақпын. Аудан орталығындағы көшелердің ажарын кіргізетін осы жергілікті цехымыздың өнімдері болады деп үміттенемін», – дейді жас кәсіпкер.

Ұлттық қолөнерді жаңғыртумен айналысатын Айдана болса тігін цехын кеңейтіп, той жасауы мен құрақ көрпелерін Осакаровтан тыс елді-мекендерге сатпақ ойы бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер