«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық шаруаларға жүктелер жауапкершілік зор

2016 жылғы 14 Шілде
- Қарағанды облысы
13261 просмотров

Облыстағы бес ауданда фермерлер агробизнесті тиімді жүргізудің негіздері мен инновациясын үйренбек

Қарағанды облысында ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің аграрлық құзырын арттыратын жерлер анықталды. Бір аптадан соң фермерлерді оқытатын семинарлар басталады. Абайлық «Астра Агро» ЖШС, «Топар жылыжайлары» мен «Шанс» ШҚ, Осакаров ауданындағы «Найдоровское» ЖШС өз шаруашылықтарында бүкіл облыстың фермерлерін қабылдауға әзір. Бұл қожалықтарда өтетін семинарда А.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік бидай шаруашылығы орталығының қызметкерлері егін егу мен жерді күту саласы бойынша өз білімдерін ортаға салады. Жаңарқалық «Ескене» мен «Жанболат» шаруа қожалықтары, Бұқар жырау ауданындағы «АӨШ-Сарыарқа» ЖШС-де мал шаруашылығы бойынша семинарлар өткізіледі. Жылқы өсіру бизнесін тиімді алып жүрудің алғышарттарын Шет ауданындағы «Шолақ Еспе» шаруа қожылығында өтетін семинардан білуге болады.

Семинарлар бір күннен бес күнге дейін созылады. Бәрі де тақырыптың ауқымдылығына байланысты. Әр семинарға арнаулы тыңдармандар шақыртылады. Оқу барысында теориялық дәрістер оқылады, алдыңғы қатарлы технологиялар мен тәсілдерді қолдануды түсіндіру мен жүзеге асыру көрсетіледі. Тыңдаушыларға тәжірибе жасауға мүмкіндік беріледі. Сол алдыңғы қатарлы технология мен тәсілді қолдануға жағдай жасалады. Айтылған нәрсені тыңдап, сол мезетте соны жүзеге асырып отыруға тәжірибелік мүмкіндік болады. 

Осы семинарлар аясында егін егу бойынша тыңдаушыларға егін өсірудің тұтас бір маусымына арналған әрекеттер мен технологиялар туралы толыққанды ақпарат беріледі. Қалай арапшөптен тазартады, түбін қопсытады, өсіретін егін түрін қалай таңдайды, немен егеді, сұрыптары мен қорғау түрлерін анықтау бойынша барлық дерек айтылады. Мал шаруашылығы бойынша тыңдаушылар өсім беру технологияларын, жем-шөп жинау туралы, немен қоректендіру туралы, мал шаруашылығын жүргізудің ерекшеліктері туралы, олардың саулығына қалай жауап беру керек, диагностика мен профилактиканы жүргізу, басқа да технологиялық сұрақтар бойынша жауаптар ала алады. 

Өткізілетін семинарлар тақырыбы агроөндірістің барлық саласын қамтиды. Технологиялық, егін егу, мал шаруашылығы, ветеринария саласы бойынша алдыңғы қатарлы технологияны меңгеру, ауылшаруашылық өнімін өңдеу бойынша, жерді пайдаланудың органикалық мәселесі де көтеріледі, оның Қазақстан экономикасының «жасыл» ұстанымын дамытуға қаншалықты үлес қосатыны айтылмақ. Оған қоса мамандар аграрлық менеджментті үйретеді, оның ішінде кәсіпорынды басқару, қаржылық жоспарлау, баға қою ұстанымдарын түсіндіреді, өткізу бойынша, бизнес-жоспар, тәуекелді басқарудың не екенін айтып береді. Ауылшаруашылық кешенін қолдау бойынша мемлекеттік шаралар мен кооперация туралы да семинарларда айтылады.

Тақырыптар ауылшаруашылық кешені субъектілерінің тікелей өз қалауы мен сұранысы бойынша таңдалды. Жоғары білікті қазақстандық сарапшылар ауылшаруашылық субъектілеріне кеңес беру үшін өңірлерді аралап, шаруа қожалықтарын өз көздерімен көріп, кімге қандай технология қажеттігін, не керегін сол жерде айтып отыратын болады.

Жаздың аяғына дейін облыста 20 семинар ұйымдастырылмақ.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының негізгі талабы білім беру жүйесін нығайту екенін атап өткіміз келеді. Осы бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы кешеніне қатысты барлық саланың білімін жетілдіру жоспарланып отыр. Білім беру арқылы тәжірибені дамыту, кеңес беру, әр өңірдің өзіне сай әдістемесін енгізу жүзеге асады. «Атамекен» ҚР ҰКП ауылшаруашылық кешені субъектілерінің білімін жетілдіру бойынша мемлекеттік тапсырманы орындап отыр, ҰКП шағын және орта әрі ірі кәсіпкерліктің мүддесін қорғау арқылы бүкіл кәсіпкерлік саланы қорғап келеді. Соның арқасында маман даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеру, сертификат беру, аттетация жүргізуден тәжірибесі мол. Өңірлік торабы кеңейіп жатыр, жауапкершілікті де алып жүреді.

Ұлттық палата жанынан Агроқұзыреттілік орталығы құрылды. Ол ауыл шаруашылығы кешені саласында алдыңғы қатарлы қызмет көрсетуші орталық болмақ. Биылғы жылы Агроқұзыреттілік орталығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылшаруашылық кешені субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырмасын орындау барысында елдегі ең мықты шаруа қожалықтарының аумағына келіп, ауылшаруашылық кешенінің негізгі 25 саласы бойынша 666 тегін семинар өткізбекші, шамамен 10 мың ауылшаруашылық субъектісін қамтимыз деп жоспарлап отыр. 

Ауылшаруашылық субъектілеріне арналған сall-орталық жұмыс істей бастады. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің бәрі мына телефонға қоңырау шалып, хабарласа алады: 59 79 60. Бұл телефонға Қазақстанның барлық өңірінен хабарласу тегін және Астананың кодын термейді. 

Облыстағы өткізілетін семинарларға қатысу мәселесі бойынша кәсіпкерлер мына телефондарға хабарласа алады: 8 (7212) 506 416  және +7775 208 0008.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер