«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астық өсіруге онлайн көмек

2016 жылғы 25 Шілде
- Қарағанды облысы
11731 просмотров

Осакаров ауданының фермерлері егістіктегі жағдайды қазіргі заманғы техниканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып қадағаламақ

Қазіргі жауынды жаз Осакаров ауданындағы мыңдаған гектарлы егістік жерлердің жағдайын бақылауда нақты бір қиындықтар келтіруде. Осы тұста шаруаларға көмекке ұшқышсыз ұшатын аппараттар – дрондар көмекке келді, ал ауа райын бақылауға оларға мәліметтерді спутник арқылы жіберетін арнайы бағдарламалар мүмкіндік береді. Ақпарат онлайн түрінде келеді, сол мезетте-ақ автоматты түрде талданып, бірден ұсынылады.

«Найдоровское» шаруа қожалығының директоры Павел Лущак семинар барысында әріптестеріне өзінің «көмекшілерін» таныстырды. Дәл сол шаруа қожалығында өсімдік шаруашылығы бойынша сабақ өтуде.

Кәсіпкер қаржыны аямастан, уақытты ғана емес, айтарлықтай материалдық ресурстарды да үнемдеуге мүмкіндік беретін техникалық жабдықтауға кеңес беруде.

«Кейде бұл істі әлде біреуге табыстау мүмкін емес, сіздер сияқты мен де егістік алаңын күн сайын қарап тұруға тырысамын. Қазір мұның барлығы оңай атқарылады, дрон ұшады да барлығын компьютер арқылы қарап отырамын. Егер қандай да бір жайтты байқап қалсам, сол жерге мәселені дер кезінде қалпына келтіретін маманды жіберемін. Артық жанар-жағармай шығындаудың қажеті болмайды», – дейді П.Лущак.

Ол өзі аңғарған жайттармен де бөлісіп өтті.

«Ауа райы биыл 2012 жылғыдай болғанына қарамастан, кібісе жылындай құрғақшылық болады деп ескерткендерімен, біз мүлде басқа жайтқа куә болып отырмыз. Мәселен, 15 шілде күні 20 миллиметрдей жауын жауды. Ол айлық жауын-шашынның 70%-дайы. Біз 55,5% жинадық – бұл ылғалдың айтарлықтай көп мөлшері, әдетте бұл мезетте бізде ылғал 30% болатын», – дейді фермер монитордағы мәліметтерді көрсетіп отырып.

Шілденің 20 күнінде Орталық Қазақстанда жауын-шашынның үш айлық мөлшері жауды. Мамандар айтып отырғандай, бұл қазірше өсімдіктер үшін пайдалы. Ауру-сырқаулар пайда болуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес, алайда жиын-терін мол болады деген үміт басым.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер