«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өндірістік мақсаттағы озық зауыт

2016 жылғы 18 Тамыз
- Қарағанды облысы
3008 просмотров

Қарағандыдағы «Бёмер Арматура» ЖШС өз өнімімен ішкі нарықты қамтуды көздеуде. Екі жыл бұрын іске іске қосылған аталған зауыт диаметрі әртүрлі құбыр крандарын шығарып, оны негізінен жылу желілерін салуға бағыттап отыр.

«Бёмер Арматура» ЖШС басқарушы директоры Матвей Пикуровтың айтуынша, тұтынушылар арасында Астана және Алматы қалаларының құрылыс нысандары бар. Осы орайда, Алматыда  өтетін Универсиада мен Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне өнім жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде екен. Кәсіпорындағы барлық мамандар Германиядан оқудан өткен.

Құны 3,5 млрд теңге болатын, крандар мен ілмекті арматура өндіретін тиісті өндіріс ошағы Қарағанды облысында Индустрияландыру картасы аясында тұсауы кесіліп, германиялық «Bohmer GmbH» компаниясы инвестор тарап ретінде қаржы құйған.

Қазіргі заманғы құрылғылар қойылған зауыт жылына 10 мың мұнай және газ құбырлары, жылу және сумен жабдықтау, басқа да салалар үшін 15-тен 1400 мм дейінгі диаметрлі шарлы крандар жасайды. Бұйым жоғары қысымға арналған.

Еске сала кетсек, «Бёмер Арматура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, былтырғы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпазы. Компанияға «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымының І дәрежелі дипломы табысталған болатын.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер