«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әрдайым бизнес қызметінде

2016 жылғы 22 Тамыз
- Қарағанды облысы
8575 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады – жақында мұнда бизнесмендерге мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша кеңестер беріле бастайды

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Жақсылық Ахметбеков айтып өткендей, «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасына өзгерістер енгізіліп үлгерген, сәйкесінше кәсіпкерлер жаңа қызмет түріне өтініш білдіре алады.

Ж.Ахметбеков бұл қызмет түрінің бизнестің түрлі қызметтерге деген сұранысына талдау жасау нәтижесінде пайда болғандығын да қоса айтты.

«Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендер үшін жағдай жасауда икемділік танытып келеді. Біз кәсіпкерлердің барлық жағдайларын ескеріп, жаңа қызмет түрлерін енгізуге тырысамыз. Сондықтан олар кеңес алып қана қоймай, өз ұсыныстарын да қалдыра алады», – деді ол.

Жыл басынан бері Қарағанды облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында бизнесмендерге 12 мыңдай кеңес берілген. 1 800-ден астам тегін сервистік қызмет көрсетілген: бухгалтерлік және салықтық есеп-қисаптар жасалып, құқықтық (шарттар, жарғылар жасау), IT (лицензиялық бағдарламалар орнату, сайттар жасау) және басқа да қызметтер ұсынылған.

КҚО тәжірибесінен жарқын мысалдардың бірі – Мұрат Нарымбетовтың жағдайы. Ол Приозерск қаласында жиһаз шығарумен айналысады. Сондықтан КҚО-да көрсетілетін қызмет түрлерін жиі пайдаланады. Жақында кәсіпкер КҚО-ның арқасында 250 мың теңге болатын айыппұл мен екі еселенген салық төлеуден құтылды.

«Мен еңбек адамымын, адал жұмыс істеймін, жауапты салық төлеушімін. Дегенмен бухгалтерлік істің барлық қыр-сырын біле бермеймін. Менің шағын жеке кәсіпкерлігім үшін 250 мың теңге – қомақты қаржы. Кәсіпкерлер палатасының кеңес берушісінің арқасында күтпеген шығынның алдын алдық. Тоқсандық есеп беру кезеңінде мен ылғи КҚО-ның көмегіне жүгінемін, бұл шағын бизнес үшін баға жетпес қолдау, өйткені барлық қызмет түрлері тегін!», – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкерлер палатасы 2014 жылдан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытының аясында қаржылай емес қолдау операторы атанып келеді. Тегін кеңестер мен сервистік қызметтерді Құрылысшылар даңғылы, 4-үйде орналасқан Қарағанды облысы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталағынан, сондай-ақ облыстың барлық аудандары мен моноқалаларында орналасқан, Палатаның әрбір филиалының жанынан құрылған Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер