«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теміртаулық кәсіпкердің риясыз көмегі

2016 жылғы 23 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
10484 просмотров

Теміртау қаласында «Рахмет» дүкені ашылады

Жақында Жеңіс көшесіндегі жертөлелердің бірінен қайырымдылық дүкені ашылды. Қаладағы жаңа әлеуметтік жобаны ұйымдастырушыларға ол жерді жергілікті кәсіпкер риясыз көңілімен ұсынды.

«Мені осындай күрделі кезеңде қайырымдылық іске қатысуға дайын адамдардың бар екені сүйсінтеді. Олар маған көмек сұрап келгенде, оларға дүкен ашатын орын тауып беруге қуана келістім, оның үстіне менде ондай бос орын бар», – дейді Қасым Ботанов.

Теміртау қаласында «Рахмет» қайырымдылық дүкенін ашу туралы бастаманы Кәсіпкерлер палатасының филиалы көтерді. Қазіргі таңда жобаны іске асыру үшін теміртаулықтар дүкенге жақсы заттарын, тұрмыстық техникаларын әкелуге дайын.

«Біз кәсіпкерлер мен қала тұрғындарынан тұрмыстық заттармен және тұрмысқа қажетті басқа да заттармен көмектесулерін сұраудамыз. Ол заттардың барлығын сол дүкенде сақтап, тұрмыстық жағдайы төмен, көмекті қажет ететін жандарға таратып береміз. Қала тұрғындарының дүкенді безендіруге қажетті кез келген көмегін қуана қабылдаймыз», – дейді Теміртау қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған қолдау орталығының кеңесшісі Азиз Оразұлы.

Жобаны ұйымдастырушылар көмек сұрай келген тұрмысы төмен жандардың барлығына заттарды алғыс үшін ұсынбақ. Оған қоса, сол жерде кейінірек Әйелдерді қолдау орталығын ашу жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер