«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыспен қамту бөліміне ескертпестен ешкімді жұмысқа алуға болмайды

2016 жылғы 29 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
12485 просмотров

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің №532 даулы бұйрығы тағы бір мәселе тудырып отыр, ол бойынша кәсіпкерлер жұмысқа Жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып келгендерді ғана қабылдауы тиіс

Егер кәсіпкерге жұмысшы шұғыл керек болса, тіпті ондай жұмысшы табылып, жұмысқа кірісуге дайын болған күннің өзінде, Жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып келмейінше, оны жұмысқа ала алмайды. Жолдамаға жұмыс берушінің жұмысшыны бос жұмыс орнына қабылдауға дайын екендігі көрсетілген өтінімі бойынша қол қойылады.

Заңға қосымша актідегі жаңалықты түсіну соншалықты оңай болмай шықты. Міне, сондықтан Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің  Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Дәурен Тұранбаев министрдің бұйрығын алдымен жеңіл өнеркәсіппен айналысушыларға түсіндіріп берді.

Осы тұста құжаттың кәсіпкерлерге ғана емес, жұмысқа тұрушыларға да қиындық келтіретіндігі анықталды.

«Уақытша жұмыс па, әлде тұрақты жұмыс па, оған қарамастан, жұмыс беруші жұмыспен қамту бөліміне вакансиялар бойынша болжам беруі тиіс. Олай істемеген жағдайда, министрліктен келген инспекцияның тексерісі кезінде қандай да бір жұмысшының жұмысқа органға ескертпестен қабылданғаны анықталса, жұмыс берушіге айыппұл салынады», – деп мәлімдеді Д.Тұранбаев.

Кәсіпкерлерге бұл жағдайды мүлде ұнатып отырған жоқ. Олар маманды сұрақтың астына алды. Жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы Андрей Шмарин құқықтарды бұлай шектеуге мүлде қарсы.

«Бір адам бір фабрикадан жұмыстан шығып, маған келді делік. Мен оны алуға дайынмын. Неліктен ол жолдама үшін орталыққа баруы қажет? Оған жұмысты сіздер тауып бердіңіздер ме? Жоқ, оны біз тауып, жұмысқа шақырып отырмыз. Сіздер, не, осылайша адамдарды кереметтей жұмыспен қамтып отырмыз деп өз жұмыстарыңызды көрсеткілеріңіз келе ме?», – деп наразылық білдірді «Еско» шұлық фабрикасының басшысы А.Шмарин.

Алайда мемлекеттік органның өкілі осы мәселеде жұмыс берушілерді шектеу туралы қажеттілік неден туындағанына турасында нақты жауап бере алмады.

Естеріңізге сала кетер болсақ, «Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы» 2016 жылғы 17 маусымдағы №532 бұйрыққа сәйкес, экономикалық қызметті жүзеге асырып отырғандардың барлығы ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер және ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар туралы мәліметтер ұсынулары қажет.

Анық болғандай, бұл мәліметтердің барлығын жұмыс беруші түпнұсқада, арнайы қойылған мөрмен ұсынуы қажет екен. Бүгінде жұмыспен қамту бөлімінің алдында созылған кезек бір шақырымға жетерліктей. Бүкіл әлем сканерді және электронды поштаны пайдаланып жатқанда, мұндай сергелдеңге салу неліктен қажет болғандығын кәсіпкерлер түсінер емес.

Айта кетерлігі, жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы жұмыс берушілер егер біліктілік талаптарына сай келмесе, жұмыспен қамту орталығынан келген адамдардың барлығын жұмысқа алуға құқылы емес екендігін айтып, кәсіпкерлерді тыныштандырып қойды.

Кездесуден кейін жұмыспен қамту бөлімі ӨКП-ға түсіндірме жіберді. Олардың пікірінше, онымен танысып шыққан соң кәсіпкерлерде қосымша сұрақтар туындамайды екен. Түсіндірменің толық мәтінін келтіріп өтейік:

1)1-бжо (бос жұмыс оындары) формасы бойынша ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер.

1-бжо формасы бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде «Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-ға өткізіледі (Қарағанды қаласы, Бұхар жырау даңғылы, 51/1, 4 қабат)

Бос жұмыс орны болмаған жағдайда 1-бжо формасы өткізілмейді.

2)1-болжам формасы бойынша ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер.

1-болжам формасы келесі есеп беру кезеңінде 1 сәуір мен 1 қазаннан кешіктірілмей «Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өткізілуі тиіс (Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16,  №1 каб.).

1-болжам формасы бойынша мәліметтер алдағы үш жылда (2017, 2018, 2019) мамандар мен жұмысшылар қажет болған жағдайда өткізіледі.

Алдағы үш жылда мамандар мен жұмысшылар қажет болмаса, 1-болжам формасы өткізілмейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер