«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзге өңірлерге озық үлгі

2016 жылғы 03 Қараша
- Қарағанды облысы
11200 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура біріксе, кәсіпкерлерді қорғау жеңілірек болатынын тәжірибе көрсетті

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралатын істердің 80%-ы прокуратура органдарына жіберіледі

Бірлескен жұмыстар ішіндегі ең көлемдісі Шахтинск қаласы бойынша жер салығының мөлшері туралы мәселе болды. 2016 жылдың тамызында облыстық прокуратура облыстың мемлекеттік кіріс департаментіне 0,96 мөлшерлемесін қолдану бойынша ұсыныс енгізіп, ол қанағаттандырылды. Долинка, Новодолинский және Шахан ауылдары кәсіпкерлерінің жер салығына қатысты проблемалар 2013 жылы басталған. Палатаға олар 2015 жылдың наурызында жүгінген. Содан бері осы мәселе бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіліп келеді. Мәселе ҰКП, ведомство басшыларымен болатын әр кездесуде айтылып жүрді. Нәтижесінде жағдай кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, олар 3,5 жыл бойы жоғары мөлшерде салық төлеп келген. Шахтинск маңындағы ауылдарда жеке кәсіпкерліктің 351 субъектісі жұмыс істейді. Мысалы, Новодолинский ауылында 46, Долинкада 61 және Шахан ауылында 244 ЖК субъектісі бар. 0,96 мөлшерлемесінің орнына кәсіпкерлер жер салығын 8,2025 мөлшерлемесі бойынша, яғни 9 есе көп төлеген. 2013 жылдан бері бизнес субъектілері мемлекет қазынасына 80 млн теңге артық төлепті. Прокуроратура шешіміне сәйкес, салық органы кәсіпкерлерге артық төлеген қаржыларын қайтаруы тиіс. Ал олар алдағы 8 жылдың салығын төлеп қойған.

«Қорғалған құқық сомасы 210 млн теңгені құрайды. Біз салық мөлшерлемелері бойынша түйткілді мәселелері бар басқа өңірлерге үлгі болдық», – деді Кеңес төрағасы Серік Төрегелдин.

Сонымен қатар, Серік Төрегелдин бүкіл облыс бойынша прокуратура органдары жедел топтарының тиімді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органның кез келген күдік тудыратын әрекеті кезінде кәсіпкер жедел топқа хабарласып, оларды сол жерге шақырта алады. 

«Әсіресе бұл ауылды жерлер үшін маңызды. Мысалы, Ұлытау ауданы прокуратурасы жедел тобының телефонына Әлденов деген кәсіпкер хабарласып, жергілікті атқарушы органның үстінен шағымданған. Ол «Тасбұлақ» ЖШС-ға тиесілі жанармай құю бекетін жекешелендіру кезінде құқығы бұзылғанын айтады. Деректер расталған. Прокурор араласқаннан кейін шара қолданылып, бизнесменнің құқы қорғалды», – деді С.Төрегелдин.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері жөніндегі орынбасары Геннадий Жмук «Шығыс» сауда үйі ісі бойынша прокуратурамен бірлесіп істеген жұмыс нәтижелі болғанын айтып өтті.

«Шығыс» кәсіпкерлері мемлекеттік кіріс және көлік инспекциясы органдарының заңсыз әрекеттеріне куә болған. Олар түн ортасында негізсіз тексеру жүргізген. Біз Кеңес отырысында мәселені қарап, облыстың мемлекеттік кіріс департаментіне жолдама жібердік. Іс облыстық прокурордың орынбасары Әспенби Жарылғасовтың жеке бақылауына өтіп, содан кейін заңсыз қоңыраулар мен тексерулер тоқтатылған. Мәселе бірден шешілді», – деді Г.Жмук.

Кеңес кәсіпкерлердің мүддесін қорғау үшін, кез келген органның өкілдерімен бірге бизнес мәселелерін талқылауға дайын. Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша Кеңестің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Айман Түкбаева ҚР Парламенті депутаттарын да жұмысқа тартуды ұсынды.

«Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова және ҚР Сенатының депутаты Сергей Ершов Қарағанды облысынан сайланған. Олар заңнамалық актілер өзгерісі бойынша кез келген ұсынысты қабылдауға дайын екендіктерін айтты. Біз қажетті сараптамалар жасап, мәселелерді республикалық деңгейде қозғау үшін оларға тікелей жібере аламыз», – деді ол.

Кеңес мүшелері мен бизнес субъектілерінің пікірі бойынша барлық істер біртіндеп кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер