«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер жаңа қоныста кедергілерге жолықпайды

2016 жылғы 10 Қараша
- Қарағанды облысы
9905 просмотров

Тұрғындары жаппай көшірілетін елдімекендердің кәсіпкерлеріне жаңа ортада бизнес ашуға көмек көрсетіледі

Жезқазған елдімекені мен оған жапсарлас орналасқан – Крестовский, Весовая, Перевалка және ГРП елдімекендері тұрғындарын Сәтпаев қаласына көшіру жобасы іске аспақ. Айта кетерлігі, ауыл тұрғындары үшін шаһарда арнайы баспаналар салынып жатыр. Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні қоныс аударған отбасыларға арнап пәтер салу және сатып алу мақсатында бюджеттен миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Ал жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге сауда орындарын тұрғын үй қорына көшіріп, жеке тұлға ретінде өтемақы алу туралы ұсыныс айтқан. Десе де, бөлінген сома барлық шығындардың орнын толтыра алмаған.

Сол себепті, биыл жазда, кәсіпкерлер Кәсіпкерлер палататасының Сәтпаев қаласындағы филиалына жүгінген. Бұдан кейін кәсіпкерлер мәселесі облыстық әкімдік деңгейінде қарала бастаған.

Филиал директоры Берік Әбеннің айтуынша, қоныс аударып жатқан кәсіпкерлердің мәселесін Жезқазған, Сәтпаев қалаларының және Ұлытау аудандарының 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму кешені жоспарына енгізу қажет. 

Бұл пікірмен облыс әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бойынша бөлім жетекшісі  Бақтияр Айешов та келісіп отыр. Осылайша, ол өңірлік Палата директоры Мәдениет Божбановпен бірге Сәтпаев қаласына  келіп, кәсіпкерлермен арнайы кездескен. Кәсіпкерлер оған өз мәселесін айтуға мүмкіндік алған. Өз кезегінде, шенеунік бизнесмендерге елдімекендегі кәсіпорындардың мүлкін бағалау бойынша дайындық шаралары қолға алынып жатқандығын жеткізді. Ал облыс әкімдігі толық бағалауды жүргізу мақсатында ҚР Үкіметінен бюджеттен қосымша қаражат бөлуді сұраған. Өкінішке қарай, бүгінгі күні кешенді жоспарда мұндай қаражат қарастырылмапты.

«Жауапты ұзақ уақыт күтетініміз айдан анық. Алайда, ұжымдық өтініштен кейін, биліктің қандай да бір іс-әрекетке көшкені бізді қуантып отыр. Ісіміз оңға басып, кәсіпкерлер мәселесіне қажетті деңгейде назар аударыла бастады. Нақты шешім 2017 жылдың екінші жартысында шешілуі мүмкін. Қалай дегенмен, Үкімет біздің бизнесмендерге қолдау көрсетеді деген үміт басым», – деді М.Божбанов.

Десе де, кәсіпкерлер де қол қусырып қалған жоқ. Олар бизнесті жаңа жағдайларға бейімдеу мақсатында Кәсіпкерлерді қолдау орталығының көмегіне жүгінгелі отыр. Бұл ретте, кәсіпкерлер орталықтан кәсіпті қай бағытта дамытып, мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні туралы білуге ниетті екен.

Ал бүгін облыс орталығынан Сәтпаев қаласына ӨКП маркетологтары аттанды. Олар мұнда жергілікті кәсіпкерлермен жұмыс жасау үшін сауалнама мен зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге кәсіпкерлерді моноқалаға көшіруге  қатысты негізгі жұмыстар жүргізілмек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер