«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әділетсіз алынған төлем қайтарылады ма?

2016 жылғы 24 Қараша
- Қарағанды облысы
8219 просмотров

Монополист талап еткен негізсіз төлем 7 млн теңгеден асқан

Қарағанды облыстық соты 2016 жылдың 13 қыркүйегіндегі экономикалық соттың Жезқазған қаласы «ПТВС» АҚ-ның Қарағанды облыстық табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің ескертулері мен жоспардан тыс тексерістерін заңсыз деп тану туралы өтінішін қанағаттардырудан бас тарту туралы шешімін өз күшінде қалдырды.

Жезқазған қаласы кәсіпкерлері Кәсіпкерлер палатасы филиалына өтініш жазғаннан кейін, монополияға қарсы органдар табиғи монополиялар субъектісі болып табылатын «ПТВС» АҚ  қызметіне тексеріс жүргізген еді.

Кәсіпкерлер монополия субъектісінің келісімшарттағы міндеттерді орындамай отырғанына алаңдаушылық білдіріп, жылу энергиясы төлемдерінің 4-5 есеге дейін өсуіне байланысты шағым түсірген. Тексеру барысында өкілетті орган,  тұтынушылардан түскен дәлелсіз кіріс  7 млн теңгеден асатынын анықтаған. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, есептегіш құралдары жоқ бизнес субъектілеріне жылу энергиясы тарифін 73%-ға дейін арттырып, ҚҚС-сыз ол 6810 теңге/Гкал құрағаны айғақталған. Бұл Қарағанды облысындағы ең жоғарғы тариф болып отыр. Кәсіпкерлер шағым түсірген соң, тариф мөлшері 6411 тенге/Гкал-ға кеміген.

«ҚР «Электр энергетикасы туралы» заңда «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу тұтынушылардың жылу және электр энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығын қамтамасыз ететін нарықтық бәсеке жасау арқылы тұтынушылар сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында жүзеге асырылады», деп көрсетілген. Өкінішке орай, бүгінгі таңда электр және жылу энергиясы нарығында бәсеке болмай отыр. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында қабылданған түрлі нормативтік-құқықтық актілер санының көп болуына қарамастан, кәсіпкерлер монополистерден қорғалмаған», – деді филиал директоры Жүрсінбай Лекеров.

ПТВС ісі екі жылға созылған. 2015 жылдың қазанында монополист жылу энергиясын тұтынудың жаңа есебін әзірлеген. Жаңа жылу беру маусымы енген уақытта, есептегіш құралдары жоқ кәсіпкерлер үшін жылуға төленетін төлем, өткен жылмен салыстырғанда бес есеген дейін өскен. 

Ж.Лекеров кәсіпкерлер ұсынған шот-фактуралардан әр нысан үшін тұтынатын жылу энергиясы (Гкал)  көлемінің артуына байланысты, бағаның да көтерілгендігін көруге болады дейді.

«Бұл ретте, әр кәсіпкерде «ПТВС» АҚ-мен жасалған келісімшарттар болған. Онда көрсетілетін қызмет көлемдері бірнеше айға бөлінеді делінген. Ал, қосымша келісімшарттар жасалмаған. Кәсіпкерлер монополистке жылу энергиясы көлемінің неліктен артқандығын түсіндіріп беруді сұраған. Мәселен, екі бөлмеден тұратын кеңсе үшін, 30 мың төлейтін кәсіпкер неліктен аяқ астынан  200 мың теңге төлейтін болды? Ал, ПТВС жауап беруден жалтарды», – деді ол.

Содан бастап қайта есептеуге байланысты осындай даулы мәселе орын алған.  Қызмет көрсетушілер кәсіпкерлерден, тұтыну есебін төлеуді талап етеді. Бұл ретте, аталған есептерді сыртқы сараптамалық мекемелер әзірлеген екен. Алайда, ПТВС бұл есептерді қабылдамай, өзінің түзетулері мен ескертулерін енгізумен болған. Кейбір кәсіпкерлер осы түзетулерді енгіземіз деп, сараптамалық мекемелер көмегіне 5-7 рет жүгінген. Осылайша, олар облыс орталығына, сараптамалық мекемеге барамыз деп, қаншама шығынға батқан.

Монополистің нысандардағы жылумен қамтамасыз ету жүйесін өзгертпеген және бұрыннан бері сол жүйеге қосылған, қолданыстағы келісімшартқа қосымша келісімшарт жасамаған нысандардағы жылу энергиясы көлемін монополисттің қайта есептеу әрекетіні қаншалықты заңды екендігі Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің бірнеше отырысында қаралған. Оның ішінде, республикалық кеңес төрағасы Ғани Қасымовтың қатысуымен өткен кездесулер де бар. 

Сонымен қатар, жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметін, монополияға қарсы органдар тексерген кезде, жылумен қамтамасыз ету қызметі үшін тұтынушылармен жасасқан келісімшарттардың заңсыз екені анықталған.

Аппелляциялық қаулы заңды күшіне оның жариялау күнінен бастап – 2016 жылдың 23 қарашасында өз күшіне енген. Қызметті тұтынушыларға «ПТВС» АҚ-ға төленген артық соманы қалай қайтарып беретіні әзірге белгісіз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер