«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

2017 жылғы 28 Сәуір
- Қарағанды облысы
20080 просмотров

2014 жылдың сәуір айынан бастап Өңірлік палатаға басшылық жасаған Мәдениет Божбановтың орнына Ернар Күлпейісов келді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының 2017 жылы 28 сәуіріндегі №21 шешімімен Ернар Дауылұлы Күлпейісов Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды. Ол бұған дейін Өңірлік палата директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Анықтамалық ақпарат:

Ернар Күлпейісов 1984 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында дүниеге келген. Экономист мамандығын алған, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Ернар Дауылұлы еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды облсы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман болып бастаған.

2009-2013 жылдары Қарағанды облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.

2013 жылдың қараша айынан бастап Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасын 2014 жылдың сәуір айынан бастап бүгінге дейін басқарып келген Мәдениет Божбановтың орнын алмастырды.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі.

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, бизнес жұмысындағы заңнамалар мен өзге де нормативтік ережелерді дайындау процесіне барлық кәсіпкерлерді түгелдей қамту үшін құрылған. Палата қызметі өңірдегі бизнесті жүргізуге арналған жағдайды дамытуға, іскерлік, инвестициялық климат пен тұрақтылықты жақсартуға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер