«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Іскер байланыс» жобасы жұмысын бастады

2017 жылғы 08 Тамыз
- Қарағанды облысы
8492 просмотров

 Бизнеске қажет болатын кеңестер

Бүгін Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасында «Іскер байланыс» білім беру курстары басталды. Жобаның басты мақсаты – кәсіпкерлерге шетелдік әріптестік орнатуда қолдау көрсету, жеке бизнесті жақсарту үшін шетелдік тәжірибені тану.   

 Жазғы оқу кезеңіне 54 жұмыс істеп тұрған және кәсібін енді бастаған шағын және орта бизнес өкілі тіркелді. Тренердің айтуынша тренинг барысында кәсіпкерлер келеіссөздер жүргізу тәртібін, келіссөз үдерісінің психологиясын меңгереді. Бұған қоса тренингтің екінші бөлімінде кәсіпкерлер инновациялық құралдар және жаңа технологиялар секторымен танысады.

 «Тренинг барасында мен бизнес жүргізу үшін қажетті құпиялармен бөлісемін. Көбінде бұл кеңестер қаржы, клиенттермен ара қатынас, маркетингке қатысты», – деді бизнес-тренер Руслан Егембаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер