«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес құлдыраудан сақтап қалынды

2018 жылғы 18 Қаңтар
- Шымкент қаласы
3865 просмотров

Қоғамдық қызмет түрін көрсететін кәсіпкер жалғыз табыс көзінен айырылып қала жаздады

Жеке кәсіпкер Нуридин Ералиев 2014 жылы «Бейбарыс» ЖК тіркеп,  «Даму» қорының кепіл хатымен Сбербанктен несиелік қарыз алып, жолаушылар автобустарын сатып алған болатын. Қаражат  жолаушылар тасымалы үшін автобустарды қалааралық маршруттарда іске қосу үшін алынды.

2016 жылы автобустары апатқа түсіп, шарасыз күйде қалған кәсіпкер банкке несиені уақытылы төлей алмай қалды. Оқыс оқиғаға дейін, яғни 2016 жылдың желтоқсан айына дейін кәсіпкер несие бойынша шарттық міндеттемелерді уақтылы өтеп отырды.

Кәсіпкер оқыс оқиғадан кейін жол апатына кінәлі адамды сотқа беріп,  жауап берушінің кінәсі сотта дәлелденеді. 4 млн. теңге көлеміндегі шығынды өтеуге міндеттелгенімен жауап беруші әлі күнге дейін қарызды төлей алмай жүр. Жалғыз табыс көзін жоғалтқан кәсіпкер қиындыққа тап болып, несие бойынша қарызын  өтеуге мүмкіндігі болмады.

Осыған байланысты, «Даму» қоры банкке берген  кепілдігі бойынша кредиттік міндеттемелерін өтеп, 4 млн. 606 мың теңгені банкке аударып, несиені жапты. Кепілдік шартының талаптарына сәйкес «Бейбарыс» ЖК-гі  қордың банкке берген кепілдігі бойынша, қорға барлық соманы өтеуі міндеттелген болатын.

2017 жылдың қазан айында Қор кәсіпкерге 4 миллион 606 мың теңге көлемінде өтемақы төлеу туралы талап жіберді. «Бейбарыс» ЖК талапкерге басына түскен қиындықтарға байланысты  туындаған қаржылық жағдайдың салдарынан  келісім бойынша қарыздың барлық сомасын өтеу мүмкіндігі жоқ екенін  хабарлады. Алайда, кәсіпкер несие бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жоқ, бірақ қарыздарды өтеудің икемді кестесін сұрайды. Дегенмен, «Даму» қоры кәсіпкерді сотқа берді.

Сот қордың талаптарын қанағаттандырып,  кәсіпкердің барлық жылжымайтын және жылжымалы мүлкін және оның банктік шоттарын тәркіледі. Бұл шешім кәсіпкерді банкротқа ұшырату қаупін төндірді. Осылайша, тығырықтан шығарға жол таппаған кәсіпкер, ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Палата сарапшылары «Даму» Қорынан  атқарушылық құжаттарды міндетті органдарға  жібермей,  қазіргі жағдайды бейбіт жолмен шешуді сұрады.

«Біз кәсіпкердің әлеуметтік маңызды қызмет түрімен - жолаушыларды тасымалдайтындығы және осы автобустар кәсіпкердің кірісінің жалғыз көзі екенін ескеруді сұрадық. Өйткені, кәсіпкер қарызды төлеуден бас тартып немесе келісімшарт міндеттеріне немқұрайлы қарап отырған жоқ. Керісінше, «Бейбарыс» ЖК қалған қарызды қайтаруға толықтай дайын», - дейді Палата сарапшысы Майя Исаева.

Сонымен қатар, Майя Исаева атап өткендей, Палата  «Даму» қорын белсенді кәсіпкерлерді қолдауға және дамытуға бағытталған стратегиясын ұстануға шақырды. «Даму» қорының негізгі міндеті жан-жақты және тиімді қолдау құралдарын енгізу арқылы Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты дамуындағы белсенді рөл атқарып, кәсіпкерлікті дамыту екендігі сөз етілді.

Палатаның дәлелдері негізге алынып,  «Даму» қоры  сот шешімін орындау қағазын сот орындаушыларына бермей, кәсіпкерге несиені өтеудің икемді кестесін ұсынды.

Осылайша, Палата әлеуметтік қызметпен айналысатын кәсіпкердің банкротқа ұшырауына жол бермей, кәсіпкерлігін жалғастыруға мүмкіндік жасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер