«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жергілікті қамту үлесі бақылауда

2018 жылғы 09 Сәуір
- Қарағанды облысы
6570 просмотров

Жергілікті қамту үлесін дамыту және мониторингілеудің үш жақты жоспарына қол қойылды

Қарағанды облысы әкімдігі, «NADLoC» және өңірлік кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерді қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында бас қосты. Жиынға жетекшілік етететін агенттіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері қатысты. Мұнымен қоса жер қойнауын пайдаланушылар, жүйені қалыптастырып отырған кәсіпорындар, ұлттық компаниялар, салалық ақуымдастықтар мен дамыту институттары да шақырылды.

«NADLoC» жергілікті қамту үлесін жамытудың ұлттық агенттігі» жүргізген мониторингке сәйкес, 2010-2017 жылдары жергілікті қамту үлесін дамыту бойынша өңірлер рейтингінде Қарағанды облысы төртінші орында. Алайда, облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, аталған өңірлік көрсеткіш 2017 жылы айтарлықтай төмендеген.

«Жергілікті өндірушілердің сатып алуларға қатысуын жеңілдету үшін Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрін дайындап, отандық тауар өндірушілердің дәрежесін индустриялық сертификатпен растау керек. ДСҰ мен ЕАЭО аясында тікелей мемлекеттік қолдау шараларына тыйым салынғандықтан, Ұлттық палата енгізіп отырған индустриялық сертификат отандық тауар өндірушілерді қолдауға сеп болады», - деп түсіндірді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Ернар Күлпейісов.

Сонымен қатар биылдан бастап Өңірлік кәсіпкерлер палатасы экспорт бойынша бизнеске қолдау көрсетеді, оның ішінде өнімді өткізу бойынша экспорттаушылардың шығынын субсидиялауға да қолдау білдіреді.

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларында жергілікті қамту үлесін дамыту шаралары мен қолданыстағы және жаңадан жасалып жатқан өндірісті модернизациялауға ықпал ету бағдарламалары туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілі атап өтті. Мұнымен қоса отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған біліктілік өлшемдері де таныстырылды.

Өз кезегінде «KazakhExport» АҚ, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкі, «Қазақ Инвест» АҚ, «Қазақстан индустрия дамыту институты» АҚ, «НАТР» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Даму қоры» АҚ бизнеске арналған қаржыландыру құралдары жайында мағлұмат берді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қарағанды облысы әкімдігі, «NADLoC» ұлттық агенттегі және өңірлік кәсіпкерлер палатасы 2018 жылы жергілікті қамту үлесін дамыту және мониторингілеуде бірлесіп жұмыс істеудің үш жақты жоспарына қол қойды.

Анықтама үшін:

2017 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне қатысты ұсыныстар дайындау үшін комиссия құрылды. Комиссия жұмысының аясында:

  • Тендер алды бақылау жұмысының алгортимі мен жүйе қалыптастыратын кәсіпорындар жұмысының алгоритмі жасалды;
  • Реттелетін сатып алулар арқылы импортты алмастыру негізін жасау үшін құрылыс материалдары нарығының сыйымдылығына талдау жүргізілуде;
  •  Отандық тауар өндірушілердің қатысуымен жүйе қалыптастырушы кәсіпорындардың кездесуі өткізілді. Жиын қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ әлеуетті жеткізушілер үшін арнайы кездесулер ұйымдастырады;
  • Жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам қайта келісімдеу дерегі анықталған жобаларға мониторинг жүргізіледі (Бемер, АМТ Ақтау, Сантехпром, ЭТФ Фабрика және т.б.);
  • Отандық тауар өндірушілерді тіркеу жұмысы жүргізіледі, бүгінде 750 кәсіпорын енгізілді.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер