«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық ірімшік импортты алмастыра ма?

2018 жылғы 07 Маусым
- Қостанай облысы
6865 просмотров

Таранов ауданында сүт қабылдау бөлімшесі жоқ. Сондықтан тұрғындар артылған сүтті сату үшін көрші аудандарға апаруға мәжбүр. Осы мәселені шешу жолында жергілікті тұрғын Наталья Ержанова ірімшік өндірісін қолға алуды жөн көреді. Ал идеяны жүзеге асыру «Бизнес-Кеңесші» жобасы арқылы мүмкін болды.

Баяғыда Наталья Ержанованың отбасында 2 сиыр мен 10 бұзау болған. Бірнеше жыл бұрын отағасы мемлекеттік бағдарламасымен несие алып, шаруашылықты кеңейтеді. Мал басы көбейген соң қосымша қора салуға тура келді.

 «Сүт көп көлемде өндіріле бастаған соң оны өткізу қиынға соқты. Сүтті Қостанай ауданына тасуға тура келді. Күйеім екеуміз жәрмеңкелерге жиі бара бастадық. Осыдан соң ірімшік өндірісін бастау ойға келді. Бірақ әркез бірдене кедергі болып тұратын – не уақыт жоқ, не қаржы жоқ», – деді Наталья Ержанова.  

 Биыл кәсіпкер әйел Қостанай облысы ӨКП аудан филиалы көмегіне жүгінді. Ол жерде кәсіпкерге «Бизнес-Кеңесші» курсын оқу ұсынылды. Осылайша іскер әйелдің көптен бергі арманы орындала бастады.

 «Тренеріміз Руслан – нағыз маман. Әрқайсымызбен бөлек жұмыс істеп, жобаларымызға әділ баға берді, жол сілтеді. Олқылықтарды айтып, оларды жою бойынша кеңес берді. Руслан бізге грантқа өтінім беруді ұсынды», – деді кәсіпкер.

 Өтінім әлі қарауда жатыр, алайда Наталья қол құсырып отырған жоқ. Кәсіпкер әйел Германиядан үй жағдайында ірімшік жасайтын жабдық сатып алды. Ол осы салаға ден қоя бастады, білімін жетілдіріп, басқа өңірдегі әріптестерден кеңес сұрады, шеберлік сабақтарға қатысты, тіпті  «Садчиковское» ЖШС-на эксурсияға барды. «Садчиковское» ЖШС сүт өңдеумен, ірімшік пісірумен ұзақ жылдар бойы айналысады. Олардың өнімі ірі супермаркеттерде сатылады.

 «Бұл эксурсияны бізге  ӨКП Таранов ауданы бойынша филиал директоры ұйымдастырды, ризашылығым шексіз. Бұл пайдалы сапар болды, кәсіп бастауға құлшынып келдім. Өндіріс үдерісімен жақын таныстым, өнім дәмін таттым. Осында бағасын алу үшін өзімнің өнімімді әкелдім,», – деді Наталья Ержанова.

 Іскер әйел бірнеше ірімшік түрін әзірлейді, жұмсақ рикоттадан бастап, тарғыл ірімшік өнідірісі қолға алынған. Бастапқыда өндіріске 10 литр сүт жұмсалған, ал қазіргі көлемге 200 л сүт жұмсалады. Осы кәсіп арқылы кәсіпкер ауыл тұрғындарына да көмек жасауда: ол тұрғындардан сүт қабылдайды.

 Ержанова өндірген ірімшіктерді тұрғындар да, жергілікті дүкендер де жақсы сатып алады. Ендігі кезекте кәсіпкер шағын ірімшік жасау цехын үлкен өндіріске айналдырғысы келеді. Тіпті керек жабдықты да қарастырып қойған. Грант бұйырса, жоспар да орындалады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер