«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухгалтерлер клубы: Кәсіпорынды тарату процедурасы түсіндірілді

2018 жылғы 01 Тамыз
- Жетісу облысы
5152 просмотров

«Атамекен» алаңында  Алматы облысы бухгалтерлерінің кезекті отырысы өтті.

Кездесу барысында Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов, сонымен қатар Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері – Жанама салықтарды әкімшіліктендіру бөлімінің жетекшісі Елдос Тұлымшақов, Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының жетекшісі Гүлшат Қосжанова, Мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау бөлімінің жетекшісі Айсұлу Болат Жеке кәсіпкерлік, ЖШС және шаруа қожалығын жою процедурасы бойынша сұрақтарға жауап берді.

 Сонымен бірге сарапшылар Бірыңғай зейнетақы қорына жарна төлеу бойынша процедураларды түсіндірді. Мамандардың түсіндіруі бойынша, жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға өтемақы келісімшарттары (азаматтық-құқықтық келісім деп аталатын) негізінде белгілі бір жұмыс немесе қызмет түрлерін жүзеге асыратын азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары осы жұмыстардың немесе қызметтерді (жеке меншікті сатудан емес) орындаудан түскен табыс есебінен төленеді.  

Заңнамаға 2018 жылы 14 шілдеде жасалған өзгертулерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алып отырған жеке тұлғалар, сонымен қатар жеке адвокаттар, жеке сот орындаушылар, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер төлеуге жататын табыстардан өз пайдасына  Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарды төлеуді жүзеге асырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер