«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» мен бизнес қарттар күнін атап өтті

2018 жылғы 01 Қазан
- Қарағанды облысы
9161 просмотров

1 қазан күні әлем Қарттар күнін атап өтеді. Мерекеге орай Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы «Жақсылық кәрзеңкесі» акциясын жүргізді. Жақсы бастаманы бірінші болып «Қолғанат-Қарағанды» ЖШС қолдады.

Компания «Атамекенмен» бірлесіп, 60 азық-түлік кәрзеңкені толтырды, ұйымдастырушылар сыйлықтарды үй-үйге жеткізді. Азық-түлік жинағында басты назар шай, дәнді дақылдар мен бірінші қажеттіліктегі өнімдерге аударылды. Бір жиынтықтың орташа салмағы – 6-7 келі.  

 «Бізге қарттарға қуаныш сыйлау, оларға мейірім шуағын төгу ерекше ұнады. Аталар мен әжелер мұндай тосынсыйға риза болды деп ойлаймын. Осындай акцияларды жиі ұйымдастыру жөн, әрі бизнес қолдау көрсетуге асығу керек. Бұл біз қолдау көрсеткен игі бастамалардың алғашқысы да соңғысы да емес», – деді компанияның коммерциялық директоры Руслан Біләлов.  

 Азық-түлік жиынтықтарын зейнетақы мөлшері аз қарттар алды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Жақсылық кәрзеңкесі» акциясын ары қарай да жалғастырмақ.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер