«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесмендерге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша студенттік жатақханаларды салу ұсынылды

2018 жылғы 02 Қараша
- Қарағанды облысы
9698 просмотров

 Аталған ұсыныс Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі отырысында айтылды. Жергілікті құрылысшылар назарына жаңа жатақхананың жобасын Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ұсынды.

Университет Ленин көшесін бойында өзіне тиесілі территорияда 400 орынға шақталған екі қабаттан тұратын жатақхана құрылысын жоспарлап отыр. ҚарМТУ ректоры аппаратының жетекшісі Гүлназ Мұсина Елбасының әлеуметтік бастамаларының бірін жүзеге асыруға ақша салған инвестор қандай артықшылықтарға ие болатыны туралы ақпарат берді.  

«Жобаланған  құрылыстың ауданы 9-қабатқа 1126,42 шаршы метрді құрайды. Жердің иесі ҚарМУ болып отыр, осы территорияда университеттің өзі орналасқан. Енді біз МЖӘ механизмі арқылы осы жобаға ақша салатын нвестор іздейміз. Инвестор жерді құрылыстың басталауына қарай жеке пайдалануға алады. Жобаның жалпы құны – 1,6 млрд теңге. Алайда  шығындардың басым бөлігін ҚР Білім және ғылым министрлігі көтереді және құрылыс салушы жылжымайтын мүліктен табыс алады», – деді Гүлназ Мұсина кәсіпкерлерге ұсыныс тастап.  

Бұған қоса инвестор сегіз жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігінен жылына 122 АЕК есебінен өтемақы алып тұрады. Яғни жалпы алғанда 930 млн теңге. Осылайша 8 жыл ішінде инвесторге шамамен 1,4 млрд теңге өтеледі. Астыңғы қабат пен бірінші қабат – коммерциялық мақсатқа қарастырылған. Университет әкімшілігі пайда табу үшін инвесторге мұнда коворкинг орталықтары мен кафелерді ашуды ұсынып отыр. Сонымен қатар, орынжайларды жалға беруге болады. Бұған қоса тұру үшін бір жатын орын құны 15 000 теңге қосылады. Жатақхана толық адаммен қамтылғанда 8 жыл ішінде 480 млн теңге кіріс әкеледі.

 Комитет мүшелері өз ойларын ортаға салды.

«Біз бизнесменбіз, әрине, Елбасымыздың бастамасын қолдаймыз. Алайда құрылысты нөлден бастау өте көп шығын, күш, уақыт екенен түсінеміз. Сонымен қатар сіздер оны инвестор өзі қажеттіліктермен қамтып отырады дейсіздер.  Бірден айтайын, мен тура осындай ғимаратты керегімен қамтып отырмын егер 9 қабатты және құрылыс алаңын 1,1 гектар деп есептесек, мен жылумен қамту қызметінің өзіне ғана 8 млн теңге төлейтін боламын. Бұл жылуға ғана», – деді танымал қарағандылық кәсіпкер Николай Абт.

Комитет отырсының қорытындысы бойынша Қарағанды облысы құрылыс салушылар қауымдастығының келесі отырысында аталған жобаны ірі құрылыс компанияларының үлкен ауқымына таныстыру туралы шешім қабылданды.

«5 әлеуметтік бастама аясында бұл жүзеге асырылатын жоба. Біз ары қарай да бұл жобаны кәсіпкерлерге таныстыратын боламыз», – деді Қарағанды облысы құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры Найля Қайырбекова.

 Айта кетелік, Қазақстан Президенті 5 әлеуметтік бастаманы көтерген болатын. Оның ішінде үшіншісі – «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға» арналған. Бастама 2022 жылға дейін 75 мың орыннан кем емес студенттік жатақханаларды салуды көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер