«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын кафенің газ үшін қарызы 6 есе азайтылды

2018 жылғы 06 Қараша
- Алматы қаласы
6845 просмотров

Бизнесмен 1,8 млн теңгенің орнына 300 мың теңге төлейтін болды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кафе иесінің монополист алдындағы газ үшін қарыз сомасын азайтуға қол жеткізді.

Алматыда шағын кафенің иесі Килани Товсултанов неғұрлым көп клиентке қызмет көрсету, молырақ тамақ түрлерін пісіру мақсатында қосымша газ плиталарын сатып алмақшы болады. Кәсіпкер газ плиталарды сатып алып, орналастырады да кейін қосымша есеп құрылғыларын орнату мақсатында газ шаруашылығы өкілдерін кафеге шақырады, өйткені негізгі есептеуіш құрал тұтынатын газ көлемін белгіле алмаған. Анық болғандай, бизнесмен ең алдымен қосымша газ нүктелерін орналастыруға рұқсат алып, кейін газ плиталарын салып алып, орнатуы керек болған. Нәтижесінде «Алматыгаз» абоненттік-есеп айрысу орталығы» ЖШС кәсіпкер техникалық шартты бұзды деген желеумен кафені газдан ажыратып, кәсіпкер газды 1,8 млн теңге көлемінде тұтынды деп шот жазып берді.

 Бұл шағын бизнес үшін өте ауыр сома, не істерін білмеген Килани Товсултанов Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

 «Газ шаруашылықтары қауымдастығы өкілдерімен кеңесе келе, біз «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ-тын Алматы өндірістік филиалы мекенжайына өтінім жібердік. Біз бұл мәселені Палата мен Қауымдастықтың өкілдері  қатысуымен келістіруші комиссия қарауына шығаруды сұрадық. Әдетте мұндай мәселелер комиссияда қарала бермейтін, алайда бізге келісім берілді», – деді ӨКП Әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім сарапшысы Нұрбол Әшербеков.

 Нәтижесінде – мәселе комиссия арқылы қаралды және шағын бизнес өкіліне жағдай жасалып, оның негізгі қарызы 1,8 млн теңгеден 300 мың теңгеге дейін төмендетілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер