«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухгалтерлік және маркетингтік қызметтер сұраныс жоғары қызмет түрлерінің тізімінде

2018 жылғы 06 Қараша
- Жетісу облысы
4563 просмотров

Тамыз айынан бері Алматы облысының 505 кәсіпкері Atameken Services порталы арқылы онлайн режимде қызмет түрлерін пайдаланды.

Портал services.atameken.kz мекенжайы бойынша қолжетімді. Кәсіпкер бухгалтерлік және есеп, ақпараттық технологиялар, құқықтық, кедендік рәсімдеу, қолдау шаралары бойынша ақпарат, кәсіпкерлердің өтініштерін сүйемелдеу, маркетинг, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекеттік сатып алу сынды жалпы саны 69 қызмет түріне тапсырыс беріп, пайдалана алады. Жүйе еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

«Бухгалтерлік және маркетинг мәселелер бойынша қызметтер кәсіпкерлер арасында сұранысы жоғары қызмет түрлеріне жатады. Онлайн қызметтерін көбінше Талдықорған және Қапшағай қаласының кәсіпкерлері белсенді түрде қолданады. Сонымен бірге, Atameken Services арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына да жазылуға болады», - дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев.

Палата өкілінің айтуынша, ғаламторға қосылуға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ашылған. Кәсіпкер үшін қандай да бір сұрақ немесе қиындық туындаған жағдайда менеджер-кеңесшілер көмектеседі.

Жүйенің тиімділігін кәсіпкерлер де атап өтуде. Шеңгелді ауылының кәсіпкері Ғабит Жылқыбаев - Atameken Services қызметін пайдаланушылардың бірі. Осыған дейін Қапшағай қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп жүрсе, қазіргі таңда қалаға барудың қажеттілігі жоқ.

«Жыл өте келе қызмет түрлерін қолдану қолайлы және қолжетімді бола түсуде. Бұрынғыдай кезек жоқ. Кеңестерді онлайн және офлайн түрде алуға болады. Порталға тіркеліп, бизнес-жоспар әзірлеуге тапсырыс бердім. Біраз уақыттан кейін құжатым дайын болды», - дейді кәсіпкер.

Бизнес-жоспар арқылы Ғабит Жылқыбаев 18 млн теңге сомаға қаржыландырылды. Бұл қаражатқа ол Шеңгелді ауылында салған кафесіне жабдықтар сатып алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер