«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-Нетворкинг – іскерлік байланыс орнатудың мүмкіндігі

2018 жылғы 19 Қараша
- Қарағанды облысы
9418 просмотров

Қарағандыда «PRO IMAGE» агенттігінің бастамасымен «Networking» форматында бизнес-қоғамдастыққа арналған алғашқы кездесу өтті

 Кездесуге ірі бизнес өкілдері мен кәсібін енді бастаған адамдар келді. Жалпы алғанда Қарағанды мен Астана қалаларында, облыстың аудандарында жұмыс істейтін 25 компанияның басшылары іс-шараға қатысты.

 «Іс-шараларға қатысу – бірінші кезекте, бұл   жаңа көкжиекті кеңейту, жаңа таныстардың энергиясын және жаңа идеяларды сусындау мүмкіндігі. Нетворкинг осындай әлеуетті бөлісуге көмектесетін алаң. Мұндай алаңдар арқылы тез арада коомерциялық тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады», – деді кездесудің ұйымдастырушысы, Қарағанды ӨКП жанындағы Жеңіл өнеркәсіп комитетінің мүшесі Ирина Нечаева.

Қатысушыларға жеке идеяны тыңдаушылар назарына жеткізу үшін уақыт берілді. Біреулер бизнесті тиімдірек ету туралы айтты, басқалар – бизнесті әлеуметтік бағытта дамытуды ұсынды. Белсенді кәсіпкерлерге бизнес-ойындар, танысулар және жеке өнімді таныстыру мүмкіндігі ұйымдастырылды.  

 Кездесу қорытындысы кейбір компаниялармен ынтымақтастық  орнап, көптеген оң пікірлер алынды. Кеш соңында іс-шараның серіктестері сыйлықтармен марапатталды. Бастысы – кездесу қатысушылары табысқа жетуге мүмкіндік алып, жаңа байланыстар орнатты.

 «PRO IMAGE» агенттігі – аталған форматтың ұйымдастырушылары осы бағыттағы кездесуді жалғастырып, жуық арада Қарағандыда әйелдерге арналған PRO IMAGE БИЗНЕС КЛУБЫН іске асырмақ.

 «Әдетте event-агенттіктер мерекелік іс-шараларды немесе шеберлік сабақтарды, оқу семинарларын өткізу үшін қауымдастықтарды шақырады. Біздің жұмысымыздың бағыты басқа. Біз кәсіпкерлер өздері туралы айта алатын, басқалармен тілдесе алатын тиімді алаңды құрамыз. Мұндай кездесулерде коллаборация орнайды: бір кәсіпкерлер өз өнімдеріне жеткізушілерді табады, екінші кәсіпкерлер – тұтынушыларды табады, үшінші топ – бірлесіп жұмыс істей бастайды», – деп әңгімеледі Ирина Нечаева.

«PRO IMAGE» ЖШС қызметінің ауқымы сан алуан – fashion-көрсетілімдерді өткізуден бастап, жылжымайтын мүліктің көрмесін өткізіп, облыстық кәсіпкерлер палатасында жеңіл өнеркәсіптің дамуын талқылаулар жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер