«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды вокзалына қатысты мәселе шешілмеді

2018 жылғы 14 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
9909 просмотров

 Теміржол вокзалына жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен сауда нүктелерін жалға алушылар кәсіптерінен айырылуы мүмкін

Осындай өтінішпен вокзалдағы сауда нүктелерінің иелері Қарағанды обылсы кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Бизнес өкілдерімен кездесіп, барлық олқылықтарды саралаған соң, «Атамекен» мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистралді желілер дирекциясы мекенжайына бірқатар ұсыныстармен хат жіберді. Бұл хаттан кейін Қарағандыға  «ҚТЖ» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығы жөніндегі филиалы директорының орынбасары Абай Досанов келді.

 Орын алған мәселенің оң-солың анықтау мақсатында Кәсіпкерлер палатасы өкілдері, вокзал маңында орынжай жалдаушылар, вокзал қызметкерлері және мердігерлік ұйым мүшелері жиынға шықырылды.

Бүгінде Қарағанды вокзалының оң қанатына кіреберісі жолаушылар үшін жабық, онда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.  

Кездесу басында кәсіпкерлерге вокзалдың жаңа жоспары таныстырылды. Анықталғандай реконструкциядан кейін вокзал алаңы мен жолаушылар легін жіберу аймағы екі есе кеңейтілмек.

 «Қазіргі таңда қосымша терминал салу жұмыстары жүріп жатыр. Теміржолдың 2-5 жолдарына еркін бару үшін эскалаторлары мен лифтілермен жабық, жылумен қамтылған өткел салынып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап вокзал қызметтерін кедергісіз пайдалану бойынша қолайлы жағдай жасалуда. Ал жолаушылар платформаларда пойыздарды алаңсыз күтіп тұруы үшін шатыр салынады. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін вокзал алаңы 1600 шаршы метрге ұлғайып, 3900 метрді құрайтын  болады. Осылайша жолаушылар ағыны тәулігіне  4 мыңнан 7 мыңға дейін ұлғайып, ал күту аймағындағы орындар 417 орыннан 670 орынға көбееді», – деді «КамСтрой» ЖШС учаскесінің директоры Азамат Қажин.

Мердігердің айтуынша, оң қанатта жөндеу жұмыстары 2019 жылдың сәуір аяғы, мамырдың басында аяқталады. Оң қанат жабылар алдында көлемі шағын объектілерді сол қанатқа көшірген, ал ірі екі нысанды көшіру мүмкін болмады.

 

 «Қолдан келгенше біз барлығын сол жаққа ауыстырдық. Бірақ ол жерде негізінен техникалық орынжайлар болуы керек. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жағдай реттеледі, өйткені орынжайлар саны артады. Біз ұзақ мерзімге (3 жылға) жалдаушыларға басымдық беретін боламыз. Қалғандарында жалдау мерзімі наурыз және сәуір айларында аяқталады, содан кейін байқау жариялаймыз. Қазір жөндеу жұмыстары кезінде қысқа мерзімді шарттарын жасау мақсатында басшылыққа хат жолдадық. Жауап күтіп отырмыз. Бірақ қызметі халыққа қажетті (сақтау камералары, тазалау, азық-түлік дүкені) қызметтерді ұсынатын кәсіпкерлердің келісімшартын ұзартатын боламыз», – деді Абай Сәбитұлы.

 Кездесу барысында кәсіпкерлердің қосымша сұрақтары туындады.

 «Оң жақ қанатта жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң сауда нүктесіз қалып қойғандарға басқа ғимарат беріле ме? сіздер бизнес өкілдерін осылайша далада қалдырып кетуге хақыларыңыз жоқ, өйткені біз осы нысандарды жөндедік, шығындалдық, сонымен қатар кепілдендірілген ұзақ мерзімге келісімшарттар жасадық», – деді жалдаушы Күлнар Бекжанова.

 Кәсіпкерлер пиронда орналасқан сауда нүктелері үшін алаңдаушылық білдірді, егер өткел салынса, онда бұл нысандар да орынсыз қалады, сондай-ақ, келісімшарттардың өзінде екі айлық жалдау құнына тең жарнаны талап ететін тармақ  енгізілді. Бұл жалға берушінің егер жалға алушы өз міндеттерін орындамаған жағдайдағы сақтану шарасы.

 «Бізде қаржылық-экономикалық блок бар, барлық тарифтері сол жақ белгілейді. Барлық сұратымдар мен хаттарды алдық, қарастыратын боламыз. Тиісті хаттама жүргізіліп отыр, әр өтінімге жауап қайтарамыз. Аталған түйткілдер алқалы тәртіпте шешілуде, сондықтан заңнама бойынша әрекет етеміз», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығы жөніндегі филиал директорының орынбасары.

Кәсіпкерлер палатасы аталмыш ситуацияны ерекше назарда ұстайтынын және кәсіпкерлердің мүддесін қажет деңгейде қорғайтынын білдірді.

 Айта кетелік, 2018 жылдың тамыз айында вокзалда реконструкция жұмыстары басталды, онда жаңа терминал салынып, қолданыстағы терминалға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Жөңдеу жұмыстары толығымен 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Бұл реконструкция кәсіпкерлердің наразылығын тудырды. Вокзал маңында саудамен айланысатын кәсіпкерлер мәселесін шешуге Кәсіпкерлер палатасы кірісті. http://atameken.kz/ru/news/31125-poteryat-biznes-mogut-karagandinskie-predprinimateli-iz-za-remonta-na-vokzale


Еншілес ұйымдар

Серіктестер