«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау»: Батыс Қазақстан облысында 750 адам кәсіп ашты

2018 жылғы 28 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
9898 просмотров

 Былтыр «Бастау» Батыс Қазақстанның 5 ауданында өтсе, 2018 жылы 12 ауданын қамтыды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыған адамдардың саны екі есе өсті.

Сөзсіз, екі жыл қатарынан жобаға қатысушылар саны бойынша Зеленов ауданы бірінші орында. Мұнда 100-ден астам жоба іске асты. Атқарылған жұмыс «Атамекен» ҚР ҰКП деңгейінде жоғары бағаланды. Ал бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязов «Жылдың үздік тренері» аталымын екінші мәрте иеленіп отыр.

 Зульфия Бадеева Бөрілі ауданындағы жоба бойынша  көп тыңдаушыға кәсіп ашуға  көмектесіп, Батыс Қазақстан облысының үздік тренері атанды. Үш жоғары білімі бар Зульфия кәсіби тұрғыда жетілуді тоқтатқан емес, «Бастау» жобасында бірніші жыл жұмыс істеп жатыр. Осы уақыт аралығында білімді тренер 155 жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығанды оқытып шықты.

Бөрілі ауданында жүзеге асқан жобалардың басым бөлігі қызмет көрсету мен мал шаруашылығын қамтиды. Сонымен қатар тандыр-нан мен ірімшіктер өндіру бойынша жаңа цехтар мен балалар аттракциондары ашылды.

«Бастау» жобасы арқылы 46 жасар Берікқали Тышқанов шанақты жөндеу бойынша бизнесін кеңейтіп алды.

  «Курсқа қатысып, облыстағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6%-бен 3 млн 800 мың теңге несие алдым. Жаңа жабдық сатып алдым. Несиелеу шарттары жақсы, 6 ай несие төлеу бойынша демалыс қарастырылған. Қарызды қайтару бойынша мәселе жоқ, қызмет сұранысқа ие. Менімен бірге тағы 2 адам жұмыс істейді», – деді Берікқали Тышқанов.

 «Бастау» бойынша Бөрілі ауданынң 20 тұрғыны жеке кәсібін аша алды. 30 ауыл тұрғыны «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы шеңберінде несие алды, 26 жоба Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы қаржыландырылды. Тағы 4 жоба инновациялық бастама ретінде қайтарымсыз негіздегі грантты алды.

 «Өз жұмысымды жақсы көремін, оны сапалы әрі жақсы орындауға тырысамын. Бұл жаттығулар болсын, немесе бизнес-жобаны құру болсын, бәрін. Мен үнемі жаңа білім мен машықтарды іздеп жүрем. Оқытушылықта жақсы тәжірибем бар, мұндай тәжірибе «Бастауда» маңызы бар. «БҚО үздік тренерін» таңдағанда осының бәрін ескерді деп ойлаймын. Күнделікті БАҚ өкілдіремн көп жұмыс істеймін, жобалар жайында роликтерді өзім түсіремін. Көп тыңдаушым жылы лебіз, оң пікірлерін айтып кетеді. КРІ жоспарын орындап шықтым», – деді Бөрілі ауданы бойынша бизнес-тренер Зульфия Бадеева.

 Айта кетелік, «Бастау» жобасын жүзеге асыру бойынша Батыс Қазақстан облысы республикада екінші орынды алды. Жоспар бойынша 2071 адам болды, ал 2018 жылы 2141 адам оқудан өтті. Қазіргі таңда қаржылық қолдауды алып, кәсіпкерлікті бастаған адамдар саны 751 бірлікті құрайды. Қаржыландыруға 2,1 млрд теңге бағытталды.


Ұқсас жаңалықтар:

Шаруа электронды бақташы жүйесін қолданады
23 Қазан
2018
Батыс Қазақстан облысы
«Бастау» – отбасылық бизнес бастауға негіз
31 Шілде
2018
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер