«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Геннадий Жмук: «Мәселе шын мәнінде бар, талап арыз беру арқылы одан құтыла, не тығыла алмайсың»

2019 жылғы 18 Қаңтар
- Қарағанды облысы
8884 просмотров

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Жмук салық қызметкерлері мен бизнес арасындағы дауға қатысты өз позицииясын айтты. Айта кетелік, Қарағандыда салық органы қала сотында өз беделін қорғап жатыр.

Қазіргі таңда Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Мемлекеттік кірістер департаментінің ар-намыс, абырой және іскерлік беделін қорлағаны туралы Құрылыс салушылар қауымдастығының жетекшілері Найля Қайырбекова мен Төлеген Әшімовке қатысты талап арызы қаралып жатыр. Талап арыздың себебі Құрылыс комитетінің отырысында Мемлекеттік кірістер департаменті тарапына Найля Қайырбекова мен Төлеген Әшімов: Мемлекеттік кірістер департаменті «жалған кәсіпорындардың» контрагенттерді салықтарды төлеуге тарту және осындай мәмілелерді жарамсыз деп тануы туралы әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері барын айтқан болатын.

 Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары ретінде маған мұндай мәселе жақсы таныс. Мемлекеттік кірістер департаменті қатысты сот процестеріне жиі қатысамын және сотта Палатадан көмек сұраған сол контрагенттердің мүддесін қорғаймын. Аталған жағдайда (Мемлекеттік кірістер департаменті ар-намыс пен абыройын қорғау туралы талап арызда) талап арыз Қарағанды облысы ӨКП Өңірлік кеңес мүшелері атына берлігені үшін емес, объективтілік үшін жеке пікірімді білдірсем деп ем.

  Сот актілеріне жасалған қысқаша талдау салық органдарының шағымдары мен әрекеттеріне қатысты істерді қарау тәжірибесі салық органдарында салық төлеушінің құқықтары мен мүдделерін бұзғаны туралы сотқа дәлелдеу оңай емес екенін көрсетеді, әсіресе дау мәселелері салық заңнамасымен нақты немесе мүлдем реттелмеген болса, мәселені шешу тіпті қиын.

Бұл категория бойынша сот шешімдерінің барлығында салық заңнамасының жалпылама сипаттағы нормалары  тізіледі. Бұған қоса жүргізілетін нормалар сот дәйектеріне қайшы болады. Мәселен, салық заңнамасының келесі нормаларын жүргізгенде: Салық кодексінің 100-бабы 3-тармағына сәйкес шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi.  ҚР «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы 7-бабының 1-тармағында бухгалтерлiк құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi және есеп саясатын қамтиды делінген.

Алайда, арыз берушілермен ұсынылған аталған нормалардағы құжаттарды сот елеген жоқ және олар жалған болып танылды, барлық реквизиттер орындалғанына есепке алмай, тек куәгерлер – осы кәсіпорындар жетекшілерінің жауабына ғана негізделген. Яғни сот шешімі  қылмыстық іс жасады деп айыпталып отырған жеке тұлғалар жауабына негізделеді, көп жағдайда жауап берушілер жауапты хаттамалар, түсіндірмелер көшірмелерінде береді. Бұл көшірлемер қылмыстық істі тергеу шеңберінде табылады. Осындай жағдайлар сот шешімінің преюдициясы принципін бұзады. Өйткені сот қана жалған деп танылған кәсіпорынның мәмілелерін жалғандығы фактісін немесе жалған шот-фактураларды шығару  фактілерін белгілей алады.

Егер сот үкімімен жалған кәсіпорын немесе кәсіпорын жетекшісі жалған шот-фактураларды шығарғаны, шын мәнінде аталған контрагентпен мәмілелер жасалмағаны нақтыласа, онда соңғысын ҚҚС сомасы есебіне шығын есептеулерін жатқызу негізсіз болып саналады.

Сот үкімі бойынша белгіленген фактілердің преюдициясына сәйкес, контрагенттердің азаматтық сот ісін жүргізуінде жасалған талаптары, мәмілелердің негізділігі бойынша қанағаттандыруға жатпайды.

Азаматтық істері қарайтын соттардың шешімдері  бойынша бұл «жалған кәсіпорынның» іс жүзіндегі контрагенті ҚР Конституциясының 13-бабы 2-тармағында қарастырылған өз ұқықтары мен бостандығын сот арқылы қорғау құқығынан айырылған.

Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін алып тастау және  жарамсыз деп тану, сондай-ақ, олардың контрагенттерін корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша қосымша есепке алу туралы хабарлама беру – жеке мәселе болып отыр.

Яғни заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы сот шешімі кәсіпорынның котрагентіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының алдында корпоративті табыс салығы бойынша шығындар сомасын есептеулерді алып тастау туралы талабы және корпоративтік табыс салығы бойынша бұрын шегерілген шығыстарды алып тастауды талап етуге және тіркелу жарамсыз тұлғалармен жасалатын мәмілелер бойынша ҚҚС алуға мүмкіндік береді.

ҚР Жоғарғы Сотына 2017 жыл 29 маусымдағы №4 «Салықтық заңнамаға қолданылатын сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативті қаулысына: сотттар осындай талап арыздарды қарауда салық төлеушінің адалдығы призумциясы, жалған шот-фактураларды беру фактісін анықтайтын және осы контрагенттер арасындағы сөз байлау орнату туралы сот үкімінің преюдициясын басшылыққа алу туралы өзгерістер енгізу керек.

Бизнес-қоғамдыстықтың түбегейлі пікірі азаматтық сот қылмыстық, не әкімшілік сотқа айналмауы тиіс дегенге саяды. Оның үстіне сот салықты талап етудің құралына айналмауы керек. Мұндай істерді қарауда сот Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық-проссестік заңнамасын басшылыққа алуы тиіс.

 Қылмыстық істі қозғауда мәмілелердің жалғандығы туралы барлық дәлелдер тек қылмыстық сот өндірісінде немесе әкiмшiлiк қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi болмаған кезде ғана анықталуы керек.

Тағы назар аудартатын бір жайт: аттарына «жалған кәсіпоырндар» тіркелген  адамдар, сонымен қатар жалған шот-фактураны жазып берген директорлар жазалаудан сытылып шығады. Бұдан бөлек, шын мәнінде сөз байлау болған болса, онда екі тарап та ештеңе жоғалтпайды. Біреуді қылмыстық жауапркешіліктен босатады, келесілер – контрагенттер жай ғана банкрот болады. Осындай жайттар олардың бойында жазасыз қалу сезімін тудырады. Осындай компаниялардан тауар, қызмет түрін алғандар, осындай нарықтың тұтқынына айналғандар ғана зардап шегеді. Мұндай нарық шын мәнінде бар, оның жойылуы қылмыстық тергеу негізінде жүргізілуі керек. Ал қазіргі таңда салық қызметкерлеріміз бен соттардың басты мақсаты – контрагенттерге қосымша салық салумен шектелетін сияқты көрінеді. Мұндай жайт кәсіпкерлердің мемлекеттік органға, ең бастысы сотқа деген сенімін құртады. Сот билігі «даудан» жоғары тұрып, заңмен ғана қатаң әрекет ететін орган болуы шарт.  

 Осы аталған мәселе өзекті әрі ауыр болғандықтан талқылау барысында Қайырбекова Н.К және ӘшімовТ.М тарапынан мемлекеттік кірістер департаменті атына айып сөздер айтылды. Меңінше Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдеріне кәсіпкерге «қатты реңжімей», объективті түрде, былайша айтқанда «эмоциясыз» орын алған ситуацияны шешіп, құрылымды диалог құруы керек еді. Өйткені, мәселе шын мәнінде бар, одан талап арыз беру арқылы құтыла немесе тығыла алмайсың.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер