«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда fashion-индустрияның мәселелеріне қатысты іс-шаралар өтеді

2019 жылғы 04 Ақпан
- Қарағанды облысы
6294 просмотров

Almaty Management University алаңында fashion-индустрияның өкілдері жаңа трендтер, сын-тегеуріндер және Қазақстанның сән саласындағы мүмкіндіктерін талқылады. Басты фэшн шарасында Қарағанды өңірін Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Ирина Нечаева таныстырды.

Ирины Нечаеваның айтуынша, бүгінде киім-кешек нарығын толтыруда Қытай, Түркия және Ресей көш бастап тұр. Іс-шарада жергілкті дизайнерлерге шетте қалып қоймай, жеке өнімді өткізе білу үшін бизнес-үдерістерге көбірек көңіл бөлу ұсынылды. Қазіргі таңда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің 984 кәсіпорны бар, ал Қарағанды облысында мұндай кәсіпорын саны 30-дан асады. Бұл негізінен тігін өндірісі және шағын былғары өндірістері.

«Британдық әріптестерімізбен бірге жүргізген зерттеулер көрсеткендей, отандық fashion-индустрияда олқылықтар көп. Дизайнерлер жеке брендтерді, оның сапасы және жалпы нарықтың маңыздылығын дұрыс түсінбейді. Оларды осы салада оқыту  үшін қажет бағдарламалар жоқ. Kazakhstan Fashion Week-тен басқа сапалы білім беру бағдарламасын қолға алған ұйымды білмеймін», – деді бизнес-инкубатор жетекшісі Данияр Медетов.

Бұған қоса дизайнерлер кәсіптерін дамытуға инвестициялар алмайды, жалпы айтқанда коммерциялизацияға кезең-кезеңді өтудің жүйесі жоқ.

«Барлығы жергілікті мәнде, тіпті Орта Азияда бізді ешкім білмейді. Танымал болу және дизайнерлер және кәсіпкерлерді сапалы оқыту бағдарламасы мәселесінен бөлек, үшінші мәселе бар – бұл дизайнерлер Қазақстан аумағынан шығып, жаңа нарықтарға шығуға қорқады», – деді жетекші.

 Дизайнер бүгін сұранысқа ие болып, өнімін өткізе алуы үшін, кәсіпті меңгеріп қана қоймай, бизнес-үдерістерді де басқара білу керек. Оның ішінде брендтеу және smm бар.

 Қарағанды өңірінің өкілі Ирина Нечаева – PRO IMAGE Креативті коммуникациялар агенттігінің жетекшісі және Қарағанды облысы бойынша «Атамекен ҰКП Жеңіл өнеркәсібі комитетінің мүшесі Форумға белсенді қатысып, Қарағандыда осындай шараны өткізу бойынша диалогтік алаңды ұйымдастырды.

 «Осындай іс-шаралар Қазақстанда басталғаны қуантады. Fashion индустрия – бұл көрсетілім немесе шоу емес, бұл өндірістік үдеріс, жеңіл өнеркәсіп және косметологиялық өнеркәсіп. Өңірімізде жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары және талантты дизайнерлер көп. Идеялар мен жобалардың коллобарация форматы сәтті жүзеге асады деген ойдамын. Бастысы – бастап, бір орында тұрмау керек. Осы салада жетекші мемлекеттерден үлгі алып, тәжірибе жинауымыз керек. Оның үстіне шетелдік әріптестер өздері қолқа салып отыр. Осындай форумды Қарағындыда өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңа жылдың жақсы бастамасы. Жыл соңында нәтижелер жақсы болса, осы бағдарламаға біздің өңірді қосу үшін британдық тараптың өкілдерімен байланыса аламыз. KFW, British Council және Almaty Management University өкілдерімен алдын ала диалог жасалды. Осы жыл сонымен қатар жастар жылы, демек осы үдеріске жас мамандар мен бастауыш кәсіпкерлерді тартуымыз орынды болар. Осы бағдарламаның өміршеңдігіне сенемін», – деді Ирина Нечаева.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер