«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда «Үздік дизайнер» байқауы өтті

2019 жылғы 26 Наурыз
- Қарағанды облысы
9187 просмотров

22 наурыз күні Қарағандыда мерекелік той-думанмен қатар шығармашылық байқау ұйымдастырылды

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан дизайнерлері үздік дизайнер атағын иелену, Қарағанды қаласын Мәскеуде өтетін халықаралық байқауда таныстыру, сонымен қатар көпшілік қауымға өнер туындыларын көрсету мақсатында Қарағанды қаласында бас қосты.

Қатысушылардың жалпы саны 30 адамды құрады.  

Шоу-көрсетілім дефиледен басталды. Подиумда дәстүрлі үлгідегі киімнен бастап, заманауи стильдегі киім көрсетілді. Керемет авторлық туындылар мен бірегей идеялар көз қуантты.

 Қазылар алқасының әділдігіне күмән болмады, өйткені оның құрамында жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар, атап айтқанда Қарағанды облысы ӨКП жанындағы Жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы Андрей Шмарин, Kazakhstan Fashion Week креатив директоры Алекс Чжен, Креативті бастамалар Қазақстан қауымдастығының жетекшісі Ирина Нечаева, Әйелдердің еуразиялық альянсының төрайымы Райхан Бәкірова, ASPARA FASHION WEEK Fashion-ұйымдастырушысы Жазира Жанкина, танымал отандық дизайнер Ольга Станишевская, Қарағанды қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Баян Нұртаева, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Юлия Бадина, «Қазақтуризм» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов болды.

 Байқауды Қарағанды қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қолдауымен «Шаңырақ елге ортақ» қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.

«Бұл байқау екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Былтыр байқау жеңімпаздары Қарағанды қаласын, жалпы Қазақстанды Мәскеуде өткен халықаралық байқауда қорғап, екінші орынды еншілеген болатын.  Қатысушылардың көбі жеке ателье ашып алды. Биыл үздік дизайнерді таңдау оңайға соқпады. Сондықтан марапаттау «Ұлттық киім», «Заманауи өнердегі этникалық сарын», «Экомода», «Әшекейлердің үздік дизайнері»,  «Заманауи сән үлгісі» атты аталымдар бойынша өтті», – деді байқаудың үйлестірушісі Гүлнар Бұлқыбекова.

 Басты жүлделі орындардың жеңімпаздары биыл екеу болды. Бас жүлде, Мәскеу қаласында өтетін халықаралық байқауға қатысу грантын Нұр-Сұлтан қаласының киім дизайнері Кәмиля Сүлеймноваға бұйырды. Сонымен қатар Кәмиля Сүлеймнова Өзбекстан қаласы 26-27 сәуір аралығында өтетін «Неофольклор» киім дизайнерлерінің халықаралық  байқауына қатысуға жолдама алды.

 «Дәстүрлі қолөнер мен заманауи мәдениеттің синергиясы менің топтамамда үйлесім тапқан. Киім топтамасы меринос қойының жүні және киізді дәстүрлі әдіспен басуда табиғи маталардан жасалады, сонымен қатар киізді сулап басу техникасын қолданамын. Мен Милан апталығы шеңберінде 2018 жылы ақпан айында өткен WHITE MILANO көрмесіне, сонымен қатар Британ сән апталығы шеңберінде Лондонда өткен Rawlux шоурумына қатыстым», – деп бөлісті байқау жеңімпазы, DANI брендінің дизайнері Кәмиля Сүлейменова.

 «Солнечный Олень» Ұлттық киімнің Жоғары сән халықаралық байқауына қатысу гранты Қарағанды қаласының әшекей дизайнері Ольга Целлерге берілді. Ольга «TULOLA» брендінің авторы және полимерист-шебері, зергерлік шайыр негізінде гүлдерден әшекей дизайнері.

«Байқауда өзімнің бірегей «COAL» топтамамды таныстырдым. Топтама қарағандық рух және бояуымен қаныққан. Металл, гүлдер, жартылай бағалы тастардың таза «КӨМІРМЕН» үйлесімдігі көпшіліктің көңілінен шықты. Жеңіс үшін рахмет», – деді Ольга Целлер.

 Келешекте байқауды ұйымдастырушылар осы бағытты дамытуды жалғастырмақ, өйткені Қарағанды – дарындылардың қаласы!

 «Көп адам Қарағандыны индустриялық аймақ деп санауға үйренген. Біз FASHION сынды бағытты дамытпақпыз. Бұл өте қиын жол, кедергілер өте көп. Бірақ жұмысымызды ынтамен орындаймыз. Биыл байқауымыз «Халықаралық байқау» мәртебесін алғаны, қазылар алқасындағы танымал адамдар байқауды қолдауға бірден келіскендері қуантады. Ең бастысы: көп жағдайда дизайнерлер ақылы байқауларға қатысып, түк алмай қайтатын. Міндетіміз шынайы гранттарды табыстау болды! Жеңімпаздар мықты! Бүгінде Қарағанды сән саласының ошағына айналып келе жатқанына бақыттымын!», – деді Байқаудың үйлестірушісі, Қарағанды облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Ирина Нечаева.

«Космонавт» қонақүйінің үлкен залында әшекейлер дизайнерлері өз бұйымдарын көрмеге қойды. Дефиледен кейін қонақтар киіз басу, табиғи тастарды қолдану, моншақ тізу, былғарыдан өрмек өру туындыларымен танысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер