«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы бухгалтерлеріне электронды шот-фактураны шығаруға қатысты жаңа ережелер таныстырылды

2019 жылғы 20 Маусым
- Алматы қаласы
5225 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бухгалтерлер клубына қатысушылар көп жиналды

Салық есептілігін дербес тапсыруға тура келетін салық төлеушілер арасында, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының клубы жеке бухгалтерлер мен кәсіпкерлер арасында танымал. Бұл кездесуде «Электронды шот-фактураны шығару кезіндегі өзгерістер», «1С виртуалды қойма операциялары бойынша қалай жұмыс істейді?», «Виртуалды және бұлтты технологиялардың артықшылықтары» сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Спикерлер ретінде тәжірибелі бухгалтер (DIPLFR (ACCA), ҚР Кәсіби бухгалтері, САР Тамара Тен, 1С бағдарламасының маманы, есепке алу бағдарламасының сарапшысы Альфия Суворова, Учет.kz портал жобаларының жетекшісі Тимур Ходжамқұлов сөз сөйледі.

«Электронды шот-факутараны жазып берудің жаңа ережелері қандай? Олар бар, бірақ олар түбегейлі емес. Сонымен, 412-баптың 4-тармағы осы баптың 3-тармағында көрсетілген салық төлеушілер: интернет болмаған жағдайда; Электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінде техникалық қателер туындаған жағдайда қағаз жеткізгіште шот-фактура жазып беруге құқылы. «Алушының санаты» 20-жолда көрсетілген, «I» торкөзіндегі белгі алушы жеке тұлға болып табылған жағдайда жасалады. «Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу тегінің белгісі» 2-бағанда, тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу тегінің белгісі «5» және үйді, ғимаратты немесе жер учаскесін өткізген кезде де көрсетіледі деп нақтыланды», – деп хабарлады Тамара Тен.

Маманның айтуынша, «ҚҚС мөлшерлемесі» 12 - бағанында өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын сатылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша электронды шот-фактура жазып берген кезде «ҚҚС-сыз ҚР емес» деген белгі көрсетілуге тиіс. «Тауарларға декларация, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмері, СТ-1 немесе СТ-KZ» 15 – бағанында 01.07.2019 ж.бастап (1 немесе 2) 2-2-көрсетіледі. 4-Параграф «Жеке тұлғаларға тауарларды өткізу кезінде Электронды шот-фактураны жазып беру ерекшеліктері» ережелермен толықтырылды.

«Қағидалар «Виртуалды қойма» модулі арқылы тауарларды өткізу кезінде электронды шот-фактура жазып беру ерекшеліктері» жаңа параграфпен толықтырылды. Электронды шот-фактура модуль арқылы жазылады және оның интернет-ресурсында орналастырылады. Тауарлардың қалдықтарын өткізу кезінде тауарлар туралы мәліметтер сатылатын тауарлардың санына сәйкес санда «қалдықтар» нысаны бойынша модульге енгізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өткізу кезінде тауарлар туралы мәліметтер «өндіріс» нысаны бойынша модульге енгізіледі. Импортталған тауарларды өткізу кезінде тауарлар туралы мәліметтер модульге ЖКД және ф 328.00 деректері бойынша автоматты режимде түседі. Ескерту. Осы Қағиданың 93, 94 және 95-тармақтарында көрсетілген тауарларды өткізу тәртібі электронды шот-фактура Web-қосымшасында жұмыс істеген кезде қолданылады», – деп хабарлады Тамара Тен.

Электронды шот-фактураны қай кезде жазбауға болады?

ҚР Салық кодексі 13-баптың 412-тармағына cәйкес шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда талап етілмейді:

  1. есеп айырысулары қолма-қол ақшамен (БКМ чегі) және (немесе) қызметтерді төлеу терминалдары, пост-терминалдар арқылы жүзеге асырылатын ТЖҚ-ны өткізу;
  2. есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға ТЖҚ-ны өткізу;
  3. жеке тұлғаға көрсетілген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін екінші деңгейдегі банктер, почта операторы арқылы есеп айырысуды жүзеге асыру
  4. жолаушыны темір жол немесе әуе көлігінде тасымалдауды ресімдеу;
  5. дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылмайтын жеке тұлғаға тауарды өтеусіз беру;
  6. Салық кодексінің 397-бабында көзделген қызметтерді көрсету (ҚҚС-нан босатылатын қаржылық операциялар бойынша);
  7. казино, ойын автоматтар залы, тотализатор және букмекер кеңсесі қызметі бойынша қызметтер көрсету.

Жеке тұлғаларға электронды шот-фактураны жазып беру сондай-ақ өз қызметкерлеріне бұрын БУ-да ОС ретінде есепке алынған тауардың жалақысы есебінен өткізілген кезде жүргізіледі. Бұл ережелер тізбеге енгізілген, сондай-ақ тізбеге енгізілмеген тауарларға қолданылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер