«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі Арыс тұрғындарына көмек көрсетуде

2019 жылғы 25 Маусым
- Алматы қаласы
4331 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері Жетпісбай Едігенов, Александр Гарбер, Константин Авершин және басқа да бірқатар кәсіпкерлер кешегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсетуде.

«Арыстықтарға көмек көрсетуге байланысты «Мен алматылықпын» қоғамдық қозғалысының бастамасы туралы посты жариялағаннан кейін 15 минут өтпей, Алматы қаласының барлық жағынан адамдар келіп, азық-түлік, ақша әкеле бастады. Барлығы өз мүмкіндіктері жеткенше көмек көрсетуде.  Қазіргі уақытта біз  8 тонна гуманитарлық жүк жинап қойдық. Бұлардың қатарында консервілер, макарондар, тағамдар, балаларға арналған тағамдық қоспалар, жеке гигиеналық құралдар, көрпелер мен жамылғыштар бар. Сондай-ақ, бізге «Магнум» дүкеніде қосылды, ең ірі супермаркет 3 млн. теңгеге азық-түлік және қосымша заттар берді. Бөтелкедегі суды өндіруші «Самал» компаниясы жүк көлімен сулар алып келді. Біз бүгін жолға шығамыз, кешке дейін жиналған жүкті Шымкентке жеткізуді жоспарлап отырмыз. Менің ойымда болса, мұндай жиынды біз бесінші рет жинауымыз, алматылықтар-өте жауапты халық. Кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым азаматтар да қол ұшын созып көмек көрсетуде!», - деп «Red dragon» мейрамханасының бас директоры, Алматы мейрамханалар альянсының вице-президенті, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Константин Авершин айтып берді.

«Атамекеннің» Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуге, басқада компаниялар  қосылуда.«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ директоры Жетпісбай Едігенов зардап шеккендердің есебіне 1 млн теңге аударды, «Аtacom» ЖШС директоры Владимир Рыбалко және басқа да кәсіпкерлер зардап шеккендердің есебіне 1 млн теңгеден аударуда.

Естеріңізге салсақ, 24 маусымда орын алған Арыс қаласындағы жарылысқа және тұрғындарды көшіруге байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП бизнеске гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.

Қаржылық көмек көрсете алатындар үшін «Атамекен» ҰКП жанынан әрекет ететін «Менің Атамекенім» шотты ашылғанын хабарлаймыз. Қаражатты көрсетілген сілтеме бойынша жіберуге болады ttp://atamekenim.kz/ru/requests/13537 («көмектескім келеді» батырмасын басыңыз) компьютер немесе смартфон арқылы.

Немесе келесі банк реквизиттері арқылы:

010000, г.Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Сығанақ, 25-үй

БИН 180540015308

ИИК KZ759470398991370112

БИК ALFAKZKA

«Альфа-Банк» АҚ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер