«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

6 жылда қызылордалық кәсіпкерлер 2 млрд.96 млн.теңге қаржысын сақтап қала алды

2019 жылғы 23 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
12402 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен өткізген кездесуінде айтты.

«Палата құрылған сәттен, яғни 6 жылда бизнесті қорғау бойынша 1259  өтініш түсті», - деген Ғалымбек Жақсылықов орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің 42 пайызында оң шешімге қол жеткізтіндігін жеткізді.

«Сонымен қатар, Палатамен өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлердің 2 млрд. 96 млн. теңгеден аса қаражаты сақталып қалды. Аталған сомма күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдардан, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат есебінен, сақталып қалған бизнес мүлкінің құнынан және т.б.  құралып отыр», - деді Палата директоры.

Айта кету керек, осы жылдың 8 айының өзінде бизнесті қорғау бойынша 203 өтініш түсті. Орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің  30  пайызында  оң шешімге қол жеткізе алды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 195 млн. теңгеден аса қаражаты сақталып қалды.

Биылғы жылы түскен өтініштердің құрылымына жасалған талдау 15 пайызы сатып алуларға, 14 пайызы сәулет-құрылыс саласына, 12 пайызы салық, 11 пайызы жер қатынастары салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты екенін көрсетіп отыр.

Бір ғана 2018 жылдың өзінде Палатаның бастамасымен азаматтарға кәсібін жүргізуге кедергі жасаған  19 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2019 жылдың 8 айында облыстың 9 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік шара қолданылған. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 5 жыл ішінде Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 29 отырысы өткізілген. Отырыстарда 73 жүйелі мәселе қаралып, оның 58-сы оң шешімін тапқан. Нәтижесінде  800-ден аса кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер