«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2020 жылы бизнес қандай міндеттемелерден босатылды?

25 Қаңтар 2020 - Шығыс Қазақстан облысы
855 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастыққа заңнамадағы салық төлеуден босату, тексеруге мораторий және көше атаулары өзгерген жағдайда лицензияны қайта рәсімдеуге қатысты өзгерістер күшіне енгені жайында хабарлайды

Салық төлеуден босату

Шағын және микро кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтіндер және шағын және микро кәсіпкерлік субъектілері болып танылған, соның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілерді салық төлеуден босату туралы Заң қабылданды

 Жоғарыда аталған тұлғалар салық көлемін 100 пайызға азайтуға құқылы:

1) корпоративті (жеке) табыс салығы сомасын (төлем көзінен ұсталатынынан басқа);

2) әлеуметтік салық сомасын (жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданушылар үшін ғана);

3) бірыңғай жер салығы сомасын.

Қалған барлық салықтар мен төлемдер бойынша міндеттемелер (соның ішінде салықтық есептілікті тапсыру бойынша, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы төлеу бойынша, әлеуметтік төлем (міндетті зейнетақылық жарналар, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медицианылық сақтандыру жүйесінің жарналары/аударымдары)  орын алған жағдайда төленетін болады.

 Төмендегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер салық төлеуден босатылмайды:

1)   есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;

2)   акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізу қызметі;

3)   астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызмет;

4)   лотереялар өткізу;

5)   ойын бизнесі саласындағы қызмет;

6)   радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;

 7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агенті қызметінен басқа);  

  8) аудиторлық қызмет;

 9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

 10) кредиттік бюролар қызметі;

  11) күзет қызметі;

 12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;

13) жер қойнауын пайдалану саласында, соның ішінде алтын іздеушілер қызметі;

14) пайдалы қазбаларды өткізу, соның ішінде трейдерлер қызметі, көмір, мұнайды өткізу бойынша қызмет;

15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензин, дизель отыны және мазутаны бөлшек өткізу;

16) сыртқы экономикалық қызмет.

Тексеруге мораторий туралы

2019 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Микро кәсіпкерлер – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшерінен (79,5 млн теңге) аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Шағын кәсіпкерлер – заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 100 адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 000 еселенген мөлшерінен (795 млн теңге) аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

 Осы ретте егер кәсіпкерлер тарапынан бұзушылықтар жасалса, аталған бұзушылықтар халықтың денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, заңдылыққа зиян әкелсе, конституциялық құрылымға және ұлттық қауіпсіздікке тікелей немесе тікелей қауіп төндіретін, сондай-ақ заң талаптарының бұзылу себептерін анықтау үшін, егер нақты факт бойынша белгілі бір кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс бір тексеру жеткіліксіз болса, онда тексеру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 Осы ретте шағын және микро кәсіпкерлік субъектілері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін басқа негіздемелер бойынша тексерілмейді. Аталған шаралар шағын және микро кәсіпорындарды дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында қабылданған.

 Көше атауларын ауыстыру туралы

«Құқықтық актілер туралы» заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе жағдайды нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды.  Осыған байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың елорда, көшелардің ескі атауы көрсетілген ресми құжаттары заңдық күшін жоймайды. Атаулардың өзгерісі құжаттарды ауыстыруға міндеттемейді.

 Құжаттарды ауыстыру мерзімі шыққан кезде немесе күшін жойғанда ғана жүргізіледі.

Елдімекеннің атауын өзгерту Әділет министрлігінің мемлекеттік деректер базасында «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара әрекеттесу арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

 Азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алу бойынша өтінімдері кезінде елорда, көше атауларын өзгергеніне қатысты анықтамаға сұрауға жол берілмейді.

 Осылайша көше немесе елдімекеннің атауын өзгерту кезінде лицензияны қайта рәсімдеу талап етілмейді.

 Еске салайық, аталған мәселедегі бизнесменнің құқығы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау тапты.

 Осы және басқа мәселелер жайында толығырылақ мәліметтер Шығыс Қазақстан облысында 23 қаңтардан 7 ақпанға дейін жалғасатын «Атамекен» ҰКП өңірлік және аудандық филиалдары директорларының есеп беру кездесулерінде  айтылады.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер