«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда екінші кезең шеңберінде қандай компаниялар жұмысын бастай алады?

2020 жылғы 28 Сәуір
- Алматы қаласы
5881 просмотров

27 сәуірден бастап көлік және қаттау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржылық сектор, бизнеске арналған кәсіби қызмет, сауда және бірқатар қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлер қызметін бастайды

 ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматыда кәсіпорындардың іске қосылуының екінші легін мақұлдады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Көлік және қойма саласындағы кәсіпорындар шектеулерді толығымен алып тастады, ішінара қаржы секторы, онда компания қызметкерлерінің жалпы санының 50%-ы жұмысқа кірісе алады. Бұл екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, сондай-ақ ломбардтар (клиенттерді қабылдамай, өкілетті оргнанан есептен өтуге байланысты қызмет қана). Ақша айырбастау пунктері жұмысына қатысты шектеу алынбады.

 Бизнеске арналған кәсіби қызмет көрсету (B2B) объектілері; кеңес беру, аудиторлық, бухгалтерлік, заңгерлік дәне рекрутингтік қызметтер жұмыскерлердің жалпы санының 50%-нан жұмысты бастай алады

 Жоғарыда аталған кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң ұстану керек. Жұмысты жаңарту және қала бойынша қозғалуға рұқсат алу үшін компания жетекшілері infoalmaty.kz порталына өтініш беруі тиіс.

 Өтініш қабылдау іске қосылды. Өтінішті өңдеу өтініш түскен күннен келесі күнде іске асырылады. Мәліметтер Алматы қаласы Полиция департаменті деректер базасына жіберіледі.

 Екінші кезең шеңберінде ТЖО, дөңгелек жөндеу, көлік жуу, сондай-ақ көлік сатпай, клиенттерге техникалық көмек көрсету шартымен автосалондар. Автосалондар мен көлік жуу клиенттерге алдын ала жазылумен қызмет көрсете алады.

 Қызметін кеңсе және тұрмыстық техниканы жөндеу, жарнама агенттігі, дүкендер, соның ішінде  күзгі дала жұмыстарына байланысты ауыл шаруашылығы техникасы және бөлшек заттар бойынша сервистік орталықтар, азық-түліктік емес тауарларды үйге жеткізуді жүзеге асыратын компаниялар жаңарта алады.

 ТЖО, дөңгелек жөндеу, көлік жуу, сондай-ақ көлік сатпай, клиенттерге техникалық көмек көрсету шартымен автосалондар, кеңсе және тұрмыстық техниканы жөндеу, жарнама агенттігі, дүкендер, соның ішінде  күзгі дала жұмыстарына байланысты ауыл шаруашылығы техникасы және бөлшек заттар бойынша сервистік орталықтар, азық-түліктік емес тауарларды үйге жеткізуді жүзеге асыратын компаниялар – қызметін жұмыс комиссиясы Алматы бас санитарлық дәрігер қаулысымен бекітілген барлық талапатраға сәйкестігін тексерген соң ғана мүмкін.

Комиссия өтініштер бойынша объектілерге барып, егер барлық талаптар сәйкес болса қызметті бастауға рұқсат беретін актіні береді. Бұзушылықтар анықталса әкімшілік шаралар қолданылады.

 Аудит жүргізуге өтініш үлгісі мында.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер