«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысының экономикалық сотында «Атамекен қабылдауы» арнайы кабинеті ашылды

2020 жылғы 02 Маусым
- Қарағанды облысы
6553 просмотров

Кабинет Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы мамандары және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілінің қабылдау жүргізуіне арналған

 ӨКП және Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жария дауларды алдын алу жөніндегі кабинет ашу жайында келісім жасады. Кабинет жұмысына мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және бизнес-омбудсменнің өңірлік кеңсесі қатысады.

 Кабинеттердің негізгі қызметі – кәсіпкерлер арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешу және дауларды медиация шеңберінде аяқтау.

 29 мамырда Қарағанды ​​облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ш.Әбдіров, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Т.Тоқболатов және Қарағанды ​​облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары А.Аскаровтың қатысуымен алғашқы отырыс өтті. Тараптар ауданаралық сотқа келіп түскен өтініштерді сотқа дейін қарау мүмкіндігін талқылады.

 Қарағандылық судьялар бизнес-омбудсменнің бастамасын қолдады және қажетті көмек көрсететін болады.

 Өңірлік бизнес-омбудсмен өкілдері ауданаралық экономикалық сотқа келіп түскен арыздарды сотқа дейін шешуге болатынына қарай іріктеп, кезекшілік жүргізеді.  

 Құрметті кәсіпкерлер, осындай даулар орын алған жағдайда Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгінуді сұраймыз, тел:  504055.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер