«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық түйе сүтінің алғашқы партиясы Қытайға жіберілді

2020 жылғы 05 Маусым
- Алматы қаласы
9845 просмотров

«Saumal» және  «Saubota» брендтерімен танымал «Еуразия Инвест ЛТД» компаниясы өз өнімін Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Ланьчжоу қаласына экспорттауды бастады. Бұл туралы компанияның бас директоры Қадырбек Мейрамбеков хабарлады

 Бүгін 3,5 тонна көлемінде «Saubota» құрғақ түйе сүтінің алғашқы партиясын жөнелтіп, ресми түрде қазақстандық тауардың Қытайға экспортын іске асырдық.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйекте Қытайға сапары аясында Қазақстаннан Қытайға сүт өнімдерін экспорттау туралы хаттамаға қол қойылды. Келесі қадам – 2020 жылдың 29 қаңтарында ҚХР Бас кедендік басқарамсының импорттаушылары тізіміне қазақстандық кәсіпорындар енгізілді.  Үш зауттың бірі «Saumal» брендімен «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС.

 «Бие сүтінен ұнтақ алу бойынша зауыт 2014 жылы Қарағанды облысында құрылған. Былтыр түйенің құрғақ сүтін өндіре бастадық. Содан кейін бес жыл бойы экспортқа дайындалдық, өйткені Қытай нарығына кіру өте қиын. Өткен жылы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 609 млн теңгеге өнім саттық. Биыл да сатуға үміттендік, алайда қаңтар айында шекара жабылып, әлі де Қорғас алаңы ашылмады. Сондықтан біз басқа жолды таңдадық – өндірісті сертификаттап, рұқсат алдық, енді бірінші партияны Қытайға жіберіп жатырмыз. Біз Қытайдың Бас Кеден әкімшілігінің импорттаушыларының тізіміне ресми түрде ендік. Нарық үлкен, өніміміз сұраныста. Осы бағытта Агро несие корпорациясынан өндірісті жылына 300 тоннаға дейін кеңейтуге қаржыландырумен көмектесуді сұраймыз», – деді Қадырбек Мейрамбеков.

Қазақстан үшін жаңа экспорт нарығын ашу шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаушылар қауымдастығы мен «Еуразия Инвест ЛТД» компаниясы ауықымды жұмыс атқарды. Қытай тарапымен бірқатар кездесулер өтті, қытай стандарттарына сәйкес түрлі талдаулар жүргізілді. Нәтижесінде 2020 жылдың маусым айында «Saubota» отандық түйе сүті Қытайға жөнелтілді.

 «Біз «Saubota»  өнімін KazEcoFood қауымдастығының ортақ брендімен экспорттаудамыз. Барлық өнім экологиялық таза, осы артықшылықты ілгерілетпекпіз. Ол үшін Иу қаласында 2019 жылы сауда үйін аштық, енді Сиань қаласында екінші сауда үйін ашу жоспарда. Осы сауда үйлерінде қазақстандық экологиялық таза өнімдер сатылатын болады», – деді «ҚР Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаушылар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Бауыржан  Бақшылов.

3,5 тонна көлеміндегі алғашқы партия Ганьсу провинциясындағы Ланьчжоу қаласынан Lanzhou New Area Free Trade Zone International Trade Co. Ltd компаниясына арналды. Түйенің құрғақ сүті тұрақты негізде экспортталатын болады.

 «Бұл маңызды жоба. Қазақстанда жер ресурстары бар, 200 млн гектар жерге ауыл шаруашылығын жүргізуге болады, осы әлеуетті пайдалану керек. Жанымызда мұхит – Қытай нарығы, ол өте ауқымды, және отандық өнімге сұраныс жоғары», – деді Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер