«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысындағы «Бастау»: ең өзекті сұрақтарға жауаптар

2020 жылғы 11 Маусым
- Қарағанды облысы
8910 просмотров

Биыл «Бастау» жобасы республика ауқымында онлайн режимде өтеді. Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес бөлімінің бастығы Меруерт Қасымова жобаның басталуы жайында мәлімет берді

-Биыл «Бастау» жобасы қалай өтеді?

-Жыл сайын «Бастау» жобасы бойынша оқыту наурыз айында басталатын. Биыл пандемия салдарынан аталған жоба кейінге шегерілді. Алғашқы лектің басталуы 10 маусым. «Бастау» алғаш рет онлайн режимде өтеді. Өтінімдерді де онлайн беруге болады.

-Жобаға кім қатыса алады?

-Қатысушысы жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған болуы керек. Бұл тұлғалар 18 жастан зейнет жасқа дейінгі аралықта жобаға қатысуға толық құқылы. «Бастау» жобасына студенттер қатыса алмайды. Қаланың жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің қатысуға сәйкестігін тексереді. Содан кейін Жұмыспен қамту орталығы қатысуға жолдама береді. Жолдама алған үміткер «Atameken Academy» платформасында немесе  https://openstudy.kz сайты арқылы тіркеле алады. Ал техникалық мүмкіндіктері болмаса Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады. Қарағанды қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Ермеков көшесі 29, 1-қабатта орналасқан, орталық менеджерлері тіркеуге көмектеседі.

-Қатысушылар тест тапсыра ма?

-Биыл қатысушылар тестіні «Atameken Academy» платформасында оқу басында және аяғында тапсырады. Нәтижелер сертификаттың берілуіне әсер етеді.

-Шәкіртақы қарастырылған ба?

-Шәкіртақы жол жүру құнын өтеу ретінде қарастырылған. Осыған байланысты биыл оқыту онлайн жүргізіледі, демек шәкіртақы да төленбейді.

-Онлайн оқыту қалай жүргізіледі, қанша уақытқа созылады?

-Оқудың жалпы мерзімі 21 күн. Алайда қатысушы оны ерте бітіре алады. Қабілетіне байланысты. Барлық жаттыуғалар «Atameken Academy» платформасына жарияланған. Әр модульден кейін қатысушы белгілі бір жаттығуларды орындауы тиіс. Осы тапсырмаларды орындай отырып, бизнес-жоспар әзірленеді.

-Осыған дейін бизнес-тренерлер бизнес-жоспар құруға көмектескен, биыл қалай болмақ?

-Биылғы өзгерістерге сәйкес бизнес-жоспарды қатысушы өзі әзірлейді. Бизнес-тренер кеңес береді. Қатысушы әзірленген бизнес-жоспарды тексеруге бизнес-тренерге жібереді.  Ары қарай тренер бизнес-жоспарды Нұр-Сұлтан қаласына сарапшылық қорытынды алуға жібереді.  Егер бизнес-жоспар тексеруден өтсе, онда «Бастау» жобасы аяқталғаны туралы сертификат беріледі.   

-Қарағанды облысы бойынша қанша адамды оқыту жоспарланған?

-Шамамен 2000 адам. Бұл сан аудандар, қала бойынша бөлінген.

-«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 200 АЕК көлемінде грант алу үшін не істеу керек?

-Биыл «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар гранттық қаржыландыруға «Бастау» жобасымен оқымай-ақ қатысуға құқылы. Ол үшін Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну керек. Орталықтарда бизнес-жоспарлардың оңтайландырылған үлгілері бар. Үміткер бизнес-жоспар құрады, ары қарай комиссия алдында қорғайды.

-«Бастау» жобасының сертификаты қанша уақытқа жарамды?

-Бизнес-жоспарын сәтті қорғаған қатысушылардың сертификаты 3 жылға жарамды болады. Яғни қатысушы үш жыл бойы грант немесе жеңілдікпен несие алуға қатыса алады.

-Жобаға қатысуда сұрақтар туындаса қайда хабарласуға болады?

  Қарағанды қ., Ермеков к. 29-үй каб.317, 8 (7212) 506418

Жезқазған қ., Ғарышкерлер гүлзары 35-үй, 8 (7102) 760203

Теміртау қ,  Димитова к. 100-үй, 8 (7213) 300972

Балқаш қ,  Шашубай ы-а 3б-үй, Күлия БО, 8 (71036) 43168

Приозерск қ., Достық 7-үй оф.1, 8 (71039) 79067

Саран қ., Құлжанов 2-үй, 8 (72137) 79070

Шахтинск қ., Московская 27-үй, 8 (72156) 49596

Каражал қ., 24 квартал, 4-үй, 8 (71032) 26015

Ақтоғай ауданы – Ақтоғай қ., К.Байсейітова к.,  2-үй, 8 (71037) 21273

Абай ауданы – Абай қ., Победа д-лы 2-үй, 8 (72131) 7-90-09

Бұқар-жырау аудан – Ботақа ауылы. Абылай хан к., 41Б-үй, 8 (72154) 21937   

Нұра ауданы – Киевка ауылы, Тәуелсіздік, 37-үй, 8 (72144) 21862

Шет ауданы - Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай, 141-үй а, 8 (71031) 21641

Қарқаралы ауданы  - Қарқаралы ауылы, Әубакиров, 34-үй, 8 (7214) 633075

Осакаров аудан – Осакаровка ауылы, Достық, 29-үй, 8 (72149) 43004

Жаңаарқа ауданы -  Атасу ауылы, Тәуелсіздік, 22-үй, 8 (71030) 26452

Ұлытау ауданы –  Ұлытау ауылы,  Абай, 18-2-үй, 8 (71035) 21415

«Бастау» телеграм

 Қарағанды облысы ӨКП әлеуметтік парақшалары:

 Facebook  

Instagram  

Telegram

 


Ұқсас жаңалықтар:

«Бастау»  түлегі ет дүкенін ашты
17 Қазан
2018
Қарағанды облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер