«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сайран ХАМЗИН: СҚО кәсіпкерлерін сайлауға белсенді қатысуға шақырамын!

2020 жылғы 10 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
11578 просмотров

Өткен аптада «Атамекен ҰКП Кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңестеріне сайлау басталғаны туралы хабарлады

7 шілде күні Өңірлік кеңестерге кандидаттардың өтінімдерін қабылдау басталды. 10 шілдедегі статистика бойынша Солтүстік Қазақстан облысында алты кандидат тіркелді. Алғашқы болып vote.atameken.kz сайтына өтінімді «РИЭЛТ-СЕРВИС» компаниялар тобының бас директоры, «СҚО рестораторлар және отельерлер қауымдастығы» ҚБ төрағасы Сайран Хамзин өткізді.

 – Сайран Шайсұлтанұлы, сіз өңіріміздің рестораторлар және отельерлеріміздің мүддесін күйттеп, СҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі құрамында болдыңыз. Кәсіпкерлер палатасындағы Өңірлік кеңесінің маңызы қандай?

– Иә, СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес құрамында үш жылдан астам уақыт еңбек еттім. Сондықтан Кеңестің Палата қызметіндегі рөлі орасан деп айта аламын. Кеңес палатаның бақылаушы органы, ол тек кәсіпкерлік субъектілердің делегаттарынан, қауымдастықтар, одақтардың және өзге де өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерінен құрылады. Өңірлік кеңес мүшелері бизнестің проблемалық мәселелерін шешуге белсенді қатысады, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.

–    Сіз СҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне кандидат ретінде алғашқылардың бірі болып өтінім бердіңіз. Сайлауға не үшін қатысам деп шештіңіз?

–    Жоғарыда айтып өткенімдей осыған дейін Өңірлік кеңесте үш жылдай мүше болдым. Осы уақыт ішінде «кәсіпкерліктің институты» өзінің тиімділігін, өміршеңдігін, өңірге қажеттілігі мен пайдасын көрсетті. Бір салаға бизнестің жақсаруына қол жеткізу, жергілікті билік өкілдерімен келіссөздер жүргізу өте қиын, сондықтан кәсіпкерлердің біріккені керек, осындай маңызды, үлкен орган Өңірлік кеңес болып табылады.

Қазірдің өзінде пандемия жағдайында бизнес-қоғамдастықты сақтап қалу үшін оның мүддесін қорғау өте маңызды.

Екінші маңызды мәселе сайлау Өңірлік кеңестің мәртебесн арттырады. Өз кандидатурасын сала немесе компания атынан ұсынған әр кәсіпкер Кеңес құрамында «жауапкершілік жүктемессін» алып жүреді, сәйкесінше оның өңіріміздегі кәсіпкерлік дамуына қажетті қоғамдық белсінділігі артады.

–  Мұндай сайлау бұрын өткізілді ме?

– СҚО-да, сондай-ақ басқа да өңірлерде Өңірлік кеңес мүшелігіне сайлау алғаш рет өтеді. Мұндай сайлау Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында ғана болды. Өткен жылдың соңында алматылық әріптестеріміз бұл емтиханды өткерді. Оған 29 мыңнан астам бизнес субъектісі қатысты. Сайлау нәтижесі бизнес субъектілерінің  өңірдегі бизнес проблемаларына жанашырлығын, кәсіпкерлердің шешім қабылдауда белсенділігін көрсетті. Ендігі кезек бізде.

–Демек, сайлау Өңірлік кеңес жұмысына оң әсер ете ме?

 –Әрине, сайлау – Өңірлік кеңес құрамына белсенді, табысты, өңірде беделге ие кәсіпкерлерді, ең бастысы бизнес дамуына мүдде танытқан азаматтарды тартудың жақсы мүмкіндігі. Бұған қоса жаңа адамдар – шешім қабылдауда жаңа леп.

 Осы мүмкіндікті пайдаланып, өңіріміздегі кәсіпкерлерді сайла науқанына белсенді атсалысуға шақырамын. Кандидаттар арасында бұрын Өңірлік кеңесте қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестерді, сондай-ақ жаңа кандидаттарды көруге қуанамын. Өңіріміздің әлеуметтік-белсенді өміріне белсенді қатыссаңыз, жеке бизнестен бөлек, бүкіл бизнес-қоғамдастықтың, демек тұтас экономиканың мәселелері аландатса, онда Өңірлік кеңеске кандидат ретінде сайлауға қатысыңыз! Бұл бизнесіңізді, бүтін саланы дамыту жолында жаңа бастамалар мен идеялардың, мәселелердің шешілуінің тамаша мүмкіндігі. Қандай да бір саланың ары қарайғы гүлдеуі мен дамуы өз қолымызда!

–Әңгімеңізге рахмет!


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер