«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды ШОБ субъектілеріне медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуге жеңілдік кезеңі ұзартылғаны туралы еске салынды

2020 жылғы 26 Қараша
- Қарағанды облысы
6845 просмотров

Қарағанды облысы ӨКП алаңында Бухгалтерлер клубының «МӘМС жүйесінде төлемдерден босатылған ШОБ субъектілерінің мәртебесін анықтау» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Кәсіпкерлерді осы бағытта «МӘСҚ» КЕАҚ Халықты ақпараттындыру және өтінімдерді қарау бөлімінің жетекшісі Светлана Щеткина ақпараттандырды

 Спикер Үкіметтің №721 қаулысына сәйкес МӘСҚ жарналарын төлеу бойынша шағын және орта бизнеске арналған жеңілдікті кезең 2020 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылғанын еске салды. Осыған байланысты қазіргі таңда шағын және орта бизнес жұмыскерлерінің тізімін өзектендіру мәселесі маңызды болып отыр.

 Осыған дейін Үкіметтің №244 қаулысымен 2020 жылдың 1 қазанына дейін төлемдерден ШОБ-тың 29 санаты босатылған болатын. Қарағанды облысы бойынша босатылған субъектілердің саны 3 845 бірлікті құрады. Соның ішінде 1 758 субъект ағымдағы жылдың 20 қарашасына қарай тізімдерін нақтылаған жоқ.

 Кездесудің модераторы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес бөлімінің сарапшысы Әсем Бұхарбаева бизнесте тізімдерді өзектендіруге қанша уақыт барын нақтылауды сұрады. Спикер осы мақсатқа 2020 жылдың аяғына дейін уақыт берілгенін хабарлады.

 «Жеңілдік Үкімет қаулысының 1-қосымшасында көрсетілен қызмет түрлеріне сәйкес микро-, шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне ғана қарастырылған. Ірі бизнес жоспарланған өзгерістерді есепке ала отырып түзету коэффициентін қабылдауға құқығы жоқ», – деді Светлана Валерьевна.

Осы жеңілдікті уақыт аралығында кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбекақысынан салық пен төлемдер ұсталмайды, бірақ оларға медициналық сақтандырудың толық пакеті көрсетіледі.

 Қызметкерлер МӘСҚ пакетінен медициналық қызметті алуы үшін олардың жұмыс берушілері әр айдың 25-жұлдызынан кешіктірмей өз қызметкерлерінің тізімін электронды форматта жаңартып отыруы керек. Ол үшін http://msb.fms.kz/ сілтемесі бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына өтіп, өз ұйымыңызды БСН тізімінен табыңыз (егер бұл тізімде БСН болмаса, ұйымды тіркеу мүмкін емес!). Осыдан кейін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерліктің элктрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы тіркеліп, Қордың ақпараттық жүйесіне еніп қолдану келісіміне қол қою керек.

 Ары қарай формаға МӘМС төлемінен босатылған қызметкерлердің ЖСН-ін енгізу керек. Тізімді Excel форматында бір файлмен беруге болады әрі әр қызметкерге жекелей енгізуге болады.

 «Егер жұмыскер МӘМС төлеуден босаған кәсіпорнында жұмыс істесе де өзінде сақтандырылған статусын таппаса, оған Play Market-тен Qoldau 24/7 қосындысын жүктеп, «ШОБ сақтандыру мәртбесеін түзеу» қосындысын ашу керек, онда өзінің ЖСН нөмірін, ұйымның БСН нөмірін теріп, қызметке тағайындау туралы бұйрықты жүктеп, сұратымды жіберу керек», – деді Светлана Валерьевна.

Операторлар көрсетілген ұйымның босатылған ШОБ тізімінде көрсетілген тізімге сәйкестігін тексеру арқылы жағдайды анықтайды және сол қызметкерге бір айға мәртебе беріледі. Осы уақыт аралығында оның жұмыс берушісі сайттағы тізімді жаңартуы керек.

  Жеңілдікті кезең берілген ШОБ санаттарының тізімін Үкіметтің «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандырудың одан әрі шаралары туралы» №224 қаулысынан білуге ​​болады: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36689586#pos=109; -53

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер