«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШОБ субъектілерін МӘМС жарналарын төлеуден босату мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды

02 Желтоқсан 2020 - Нұр-Сұлтан қаласы
1286 просмотров

ШОБ ұйымдары (өздері үшін төлейтін жеке кәсіпкерлерден басқа) үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен төлемдерден босату мерзімі 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 қаулысымен «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына өзгеріс енгізілді.

 Қаулының 1-тармағына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен төлемдерден міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі – 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есебіне жазу) міндеттемелері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері; міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.

 Аталған норманы іске асыру мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ-қа ұйымның БСН-ын көрсетіп, кәсіпкерлік субъектілердің тізімін береді.

Микро, шағын, орта немесе ірі кәсіпкерліктің жұмыс берушілері (бұдан әрі – жұмыс берушілер) және жеке практикамен айналысатын адамдар «Сақтанды» «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ақпараттық жүйесіне әр айдың 25-інен кешіктірмей төлемдерден босатуға жататын қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетумен тізімдерін енгізеді.

 Қордың ақпараттық жүйесіне жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның  электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы кіруге болады.

  

 


Серіктестер