«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің өз қызметкерлерін сақтандыруына 4 күні бар

21 Қаңтар 2021
3478 просмотров

 25 қаңтарға дейін шағын және орта бизнестің субъектілері Saqtandyry жүйесіне әлеуметтік санаттағы жұмыскерлер туралы деректерді енгізуі керек. Егер кәсіпкерлер деректерді берілген мерзім ішінде енгізуге үлгермесе, онда жұмыскерлер сақтандырылған деген статусқа ілінбей, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде көмек ала алмайды.

 2020 жылдың қараша айында Үкімет кәсіпкерліктің бірқатар субъектісін 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін төлем жасаудан босатқан. Пандемия кезеңінде «нөлдік ставканы»: сауда, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес-индустриясындағы кәсіпкерлер қолданды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының деректері бойынша 132 мың кәсіпкер (32%) жүйеге өз деректерін енгізбеген. Айта кетелік, қаңтардан бастап деректерді енгізу бойынша процедураны әр айдың 25 жұлдызына дейін ай сайын енгізу қажет.


Серіктестер