Оңтүстік астананың банкет залдары мейрамхана форматында жұмыс істей алады
Бұл туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасы Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қауымдастығымен кездесу барысында мәлімдеді.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ZOOM арқылы бейне-конференц байланыс режимінде Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қауымдастығы мемлекеттік органдармен диалог форматында сөйлесулер жүргізді.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 14 ақпандағы қаулыда 14 жеңілдету шарасы енгізілген. Сондай-ақ, ол 50 адамға шектеу әр зал үшін бөлек қолданылатынын түсіндірді. Бұл шара екі отыру залдары бар мейрамханаларға да қатысты.
«Қалалардың коронавирустың таралуы бойынша қызыл, сары немесе жасыл аймақтарда орналасуы жөнінде барлық өлшемдер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №68 қаулысымен бекітілгенін атап өткім келеді. Аумақ деңгейінде жұмсарту туралы шешім қабылдау мүмкін емес. Бірақ біз Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасымен белсенді бірлескен жұмыс жүргізіп, біздің орталық органдарға тұрақты түрде шығып, сіздердің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдаудамыз. Барынша бизнесті қолдап, көмектесуге тырысудамыз. Сондай-ақ, жақын арада жұмсарту бойынша 2-3 тармақ енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Тойхананың және банкет залдарының жұмысына қатысты сұраққа Алматының бас санитарлық дәрігері регламент бойынша барлық нормаларды сақтай отырып, бұқаралық және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50 адамға дейін шектеумен, мейрамхана форматында жұмыс істей алатындықтары туралы хабарлады.
ҚР қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қауымдастығы тарапынан Нурпеисова Вероника Игоревна баяндама жасады. Өз сөзінде ол қазіргі уақытта Түркістан облысында іске қосылған мониторинг топтары бойынша пилоттық бағдарлама туралы айтып берді.
«Желтоқсан айында Өңірлік кеңес отырысында біз қала әкіміне Түркістан облысының үлгісі бойынша мониторингтік топтардың жұмысын автоматтандыруды ұсындық. Бұл мониторингтік топтар үшін де, бизнес субъектілері үшін де пайдалы болатындығына сенімдіміз. Қала әкімі Алматы қаласында короновирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жергілікті Комиссияға ұсыныс жасауымызды өтінді. Әзірге бұл мәселе әлі қаралған жоқ. Бірақ біздің тарапымыздан осы идеяны қолдаймыз», - деп Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов атап өтті.
Кездесуде мемлекет тарапынан дағдарысқа қарсы шаралар мен мониторингтік топтардың жұмысынан басқа жеке тұлғаның кредиттері мен банкроттығына қатысты тақырыптар қозғалды. Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы аталған мәселені зерттеу жөніндегі бастаманы қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: