«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жетісулық кәсіпкер металл қақпалары мен есіктерін шығаратын цех ашты

2021 жылғы 23 Ақпан
- Жетісу облысы
4010 просмотров

Көксу ауданында жас кәсіпкер Әлиаскерага Магеррамов металл бұйымдарын өндіруді жолға қойды. Цехта металдан қақпалар, әткеншектер, есіктер, қалқа және күркелер шығарылады.

Әлиаскерага Магеррамов 29 жаста. Ол жоғары оқу орнын «халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. Оқуды аяқтағаннан кейін экономист болып жұмыс істеді. Бірақ, жеке ісін дамытумен айналысқысы келді.

«Біздің отбасымызда құрылыс дүкені болды. Біз тек сатумен ғана емес, өндіріспен де айналысуды шештік. Таныстарымның кеңесі бойынша Кәсіпкерлер палатасы мен жұмыспен қамту орталығына жүгіндім. Қажетті кеңес алдым. «Бастау Бизнес» курсына жазылып, онда кәсіпкерлік бойынша оқытудан өттім», - деді ол.

Кәсіпкердің жобасы мемлекеттік қолдауға - екі миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Өткен жылы Әлиаскерага металды лазерлік кесу бойынша заманауи жабдықтар сатып алып, металл құрылымдарын дайындау цехын іске қосты. Қазір цехта бес адам жұмыс істейді. Онда қақпалар, әткеншектер, есіктер, шатырлар мен күркелер шығарылады. Тапсырыстар тек жеке азаматтардан ғана емес, түрлі кәсіпорындар мен ұйымнан да келеді, дейді кәсіпкер.

Цехтың артықшылықтарының бірі заманауи жабдық болса, екінші ерекшелігі – бағасы. Әлиаскераганың айтуынша, ол бұйымдардың құнын халық үшін қол жетімді ұстауға тырысады.

2021 жылы кәсіпорынның жоспары көп.

«Біз 2021 жылы өңір бойынша металл өнімдерін өндіру бойынша жетекші орынға шығып, бұйымдар түрін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Болашақта LOFT стилінде өнімдер шығарғымыз келеді», - деді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер