«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Ресей Федерациясы шекарасын өтуге қатысты мәселені шешуді сұрайды

2021 жылғы 17 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
16033 просмотров

Пандемия кезеңінде екі ел өз аумақтарына шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарға кіруге енгізген шектеулер бизнеске теріс әсер етуде. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басшысы Тимур Құлыбаевтың СҚО  Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелерімен онлайн режимінде  өткен кездесуде СҚО Өңірлік кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Владимир Богданов айтты

Еске салсақ, осы жылдың 4 ақпанында карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына кіру тәртібіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес қазақстандықтарға мемлекеттік шекараны 30 тәуілікте бір реттен артық емес мөлшерде өтуге рұқсат етілді. Бұдан бөлек, өткен жылдан бері РФ Үкіметінің ұйғарымымен (2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р, 26.02.2021 түзетумен) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей аумағына кіруіне уақытша шектеу қойылып, визалар мен шақырулар рәсімдеу және беру уақытша тоқтатылды. Осы тәртіпке сәйкес, Қазақстан азаматтары қатаң регламенттелген сапар мақсаттарын (емдеу, отбасы мүшелеріне бару және т.б.) растамай, Ресейге тек Қазақстаннан бағыт алған тікелей рейстермен(үшінші елдер арқылы транзитсіз) кіре алады.

 Бизнес салаларына жатпайтын тізімге кіретін азаматтарды есептемегенде, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына кіру де уақытша шектелгенін атап өткен жөн. Кәсіпкердің айтуынша,  осы шектеулердің барлығы РФ аумағынан құрылыс материалдары мен жабдық сатып алатын кәсіпорындарға теріс әсер етіп жатыр. Владимир Богдановтың компаниясы құрылыс материалдарын сатумен айналысады, сатуды ол СҚО-мен шекаралас жатқан Омбы және Тюмень сынды ресейлік өңірлермен жүргізеді.

 «Жаңа өндірістердің жұмысын ұйымдастыру үшін жабдықты күйіне келітріп, жұмыс қалпында сақтап отыру керек. Құрылған жұмыс орындарда біліктілігі бар мамандар қажет, әдетте біліктілікті арттыру үшін Ресей аумағынан оқу курстарын өту талап етіледі. Осындай жағдай Ресей Федерациясында құрылыс материалдарын, жабдықтарын сатып алу кезінде туындайды, өйткені тауарларды қарау және тексеру үшін өндіріс орнына бару қажеттілігі жиі туындайды. Білдек пицца емес – оған телефон арқылы тапсырыс бере салмайсың. Сонымен қатар, тұрақты серіктестікті қолдау үшін серіктестермен жүйелі кездесулер, келісім шарт жасасу үшін Ресей Федерациясының аймақтарына сапарлар ұйымдастырып отыру қажет. Сонымен бірге көптеген келісімшарттарда серіктестердің өндірістік қуаттарын тексеру және бақылау мақсатында жеткізушілердің кәсіпорнында тұрақты аудит жүргізу талаптары қарастырылған», – дейді СҚО ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Барс-Nord» ЖШС директоры Владимир Богданов.

 Кәсіпкердің айтуынша, шектеулер салдарынан көп кәсіпкер шекараны өтіп, жабдықты көру үшін айлаға барады. Соның салдарынан осындай қызметтердің көлеңкелі нарығы қалыптасқан.

 «Шектеулерге байланысты кәсіпорын басшысы жүк көлігінің екінші жүргізушісі ретінде тіркеліп, жеткізушілермен келіссөздерге баратын және технологтарды жалған медициналық шақыруларға жіберетін жағдайлар бар. Бұның салдары қандай болды? Ресей тарапымен келісілген шешімдердің болмауы азаматтарды Ресейге жеткізу және резиденттер арасында кері көлеңкелі бизнестің айтарлықтай нығайған нарығын қалыптастырды», – деп жалғастырады кәсіпкер.

 Қазақстан және Ресей шекараларын өту шарттары бизнестен қаржылық және уақыт жағынан шығын талап етеді. Мысалға, Омбыға дейін қашықтық 300 шақырым, жеке көлігің болса 4 сағаттық жер. Ал Петропавл-Омбы тікелей әуе рейсі жоқ. Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Омбы арқылы ұшу 1 адамға 240 000 теңгені құрап, сапарға 15 сағаттан артық уақыт жұмсалады.

 «Тюменьге дейін бізбен арақашықтық 400 км, 5 сағаттық жол, онда Нұр-Сұлтанға дейін 500 кем, ол жерден Мәскеуге дейін ұшу құны 206 мың теге, кейін Мәскеу-Тюмень ұшағына отыру керек, бұл тағы 26 ымң теңге. Ал бағадағы айырмашылық 700 пайызға тең! Бұған қайтар жолды қосыңыздар. Демек шекараны өтудің қолданыстағы тәсілдері кәсіпкерлер үшін өте шығынды. Облысымыздың экспорттық әлеуетін іске асыру үшін Ресей тарапымен және «Атамекеннің» міндетті қатысуымен бірге Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекарадан өту мәселесін тез арада шешу қажет деп санаймын. нақты алгоритм керек. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО мүшелері екенін еске салғым келеді. Осы ұйымның жарғысында тауар, қызметтер, капитал және жұмыс күші еркін жүре алады делінген», – деді Владимир Богданов.

Кәсіпкерге түсіндіргендей, бұл мәселе «Атамекен» орталық аппаратының бақылауында тұр. Ұлттық палата ҚР Сыртқы істер министрлігіне тиісті үндеу жолдап үлгерді, сонымен қатар Ресей тарапынан ҚР мен РФ азаматтарының кәсіпкерлік пен мамандарды оқыту мақсатында кіру/шығуының нақты тәртібін анықтап беруді сұрауға ниетті.

«Жуырда бізде ЕЭК Төрағасы Михаил Мясникович болды, кездесу барысында аталған мәселені көтердік. ЕАЭО-да жазылғанына, бір аймақта болуымызға қарамастан, іс жүзінде бірыңғай аймақ жоқ секілді. Пандемия жағдайды қиындатып жібергені түсінікті, сондықтан келесі күні осы мәселелердің бәрін Мемлекет басшысына жеткіздік. Наурыз айының соңында түйткілді мәселелерді Ресеймен өтетін екіжақты қарауға, сондай-ақ ЕЭК отырысына саламыз. Проблеманы шешу үшін барлық оны барлық арналарда көтереміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер