«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» алаңында медициналық қызметті лицензиялау мәселелері талқыланды

2021 жылғы 02 Сәуір
10296 просмотров

1 сәуірде медициналық қызметті лицензиялау мәселелері «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде талқыланды

Жиынды ашып, Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов 2021 жылдың басынан Ұлттық палатаға кәсіпкерлерден Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтерді лицензиялау бойынша әрекеттеріне ауызша және жазбаша түрде көптеген өтінім түсіп жатқанын атап өтті.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 29 қазандағы №167/2020 бұйрығымен медициналық ұйымдармен көрсетілетін қызметтердің қымбаттауына шаралар құрылған, өйткені құжат бизнесті медициналық техниканы сатып алу мен күтіп-ұстауға қажет емес артық шығындарды көтеруге міндеттейді.

 Мұның бәрі денсаулық сақтау саласындағы жеке сектордың қысқаруына әкеп соғуда, өйткені бизнестің тиімділігі төмендеп барады. Барлық өңірде осындай жағдайда жұмыс істеу медициналық қызметке лицензия беруден бас тартудың кең пратикасы қалыптасты.

 Бұдан бөлек, лауазымды тұлғалар медициналық қызметке лицензияны беруде Бұйрықтың нормаларын өз бетімен қолданады, осылайша даулы ситуацияларды «бейресми» шешуге жағдай жасалуда.

 2021 жылдың қаңтар-ақпаны аралығында Алматы қаласында медициналық қызметпен айналысуға 336 өтініш түскен, соның ішінде 320 өтініш (немесе 95,2 пайыз) бойынша кәсіпкерлерге «уәжді бас тарту» берілді.

 Сондықтан Кеңесте Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлерге (300-ден астам) лицензия беруден негізсіз бас тартуы көптеген кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүддесін нақты қылмыстық шектеу болып саналады және кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан заңсыз айыру салдарынан мүліктік зиян келтіруге әкеп соғатыны айтылды.

 «2021 жылдан бастап медициналық қызметті лицензиялаудағы құқықтық регламенттеу денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік еркіндігін едәуір шектеді, ал Бұйрыққа байланысты әкімшілік кедергілер мен жемқорлық тәуекелдер денсаулық сақтау ұйымдарының талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты медициналық қызметке лицензия беруден жаппай  бас тартуға әкеп соқты», – деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.

Медицина саласында жұмыс істейтін бизнес-қоғамдастық өкілдерінің пікірінше, Бұйрықпен енгізілген қайталау мен әр медициналық бөлімнің гипержабдықталуы – бір клинка ішінде шашыраңқылыққа және  бизнестің бір клиниканы жабдықтау үшін 50-70 млн теңгеге дейін шығындарын көбейтеді, нәтижесінде шығындарды өтеу мүмкіндігінен айырады.

Бұған қоса Бұйрық нормалары енді жұмыс бастаған медициналық ұйымдардың нарыққа шығуында кедергі болып отыр, өйткені аталған талаптар медициналық қызметке лицензиясы бар ұйымдарға қатысы жоқ.  

 Сонымен қатар Кеңес төрағасы медициналық ұйымдарды Бұйрық нормалары бойынша лицензиялау денсаулық сақтауда «хаосқа» әкеледі, өйткені көп ұйым Бұйрық талаптарына сәйкес келмейді.

 Кеңес барысында Үкімет, Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттікке бір қатар ұсыным айтылды.

 «Осылайша медициналық қызметті жүргізуге лицензия беру құқығын Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне беру денсаулық саласындағы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін айтарлықтай шектеді, ал ҚР Денсаулық сақтау министрінің  денсаулық сақтау ұйымдарының жабдықтауға қатысты 29.10.2020 жылғы №ҚР ДСМ167/2020 бұйрығымен бекітілген стандарттар медициналық қызметке рұқсат алуда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатты», – деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер