«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша гранттық қаржыландыруды 446 азамат алды

2021 жылғы 19 Тамыз
- Қарағанды облысы
8556 просмотров

«Бастау Бизнес» жобасы Қазақстан өңірлері бойынша тиімді іске асырылып жатыр.

Жыл сайын қатысушылар саны артып, кәсіп бастаған азаматтар қатары көбейіп келеді. Жоба Қарағанды облысы тұрғындары арасында да сұранысқа ие. 16 тамыздан бастап өңірде оқытудың 5-легі басталды, оған 175 адам тіркелді. Биыл жоба бойынша барлығы 1472 тыңдаушы оқудан өтті. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы жеке кәсіп бастауға мемлекеттік грантты 446 азамат алды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 260 млн теңгені құрады.

 19 шілдеде өңірде «Бастау Бизнес» 4-легі басталды. Оған 251 тыңдаушы қатысты. Нәтижесінде 225 адам оқуын сәтті аяқтады, бұл жоспардың 89,6%-ын құрайды.

Білім алғандар ішінен 190 қатысушы бизнес-жобаларын дайындап, оқуды аяқтау туралы сертификат алды.

Платформада оқу курсы 21 күнді құрайды, білімді бекіту үшін қосымша 7 күн беріледі. Оқыту процесін сарапшылар бағалауы үшін  жүйеде бизнес-жоспарларды автоматты түрде қалыптастыру қарастырылған.

Бизнес жоспарды жазу үшін бизнес-тренерлерден консультациялар алу онлайн режимде жүргізіледі.

 «Атамекен» ҰКП 2021 жылы «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 30 000 азаматты оқыту бойынша мақсат қойды, осы ауқымнан ең кемі 9000 қатысушы, шамамен 30%-ы кәсіп ашып немесе бизнесін кеңейтуі тиіс.

  «Қарағанды облысында осы жылға жоспар 1250 адамды құрайды, соның ішінде 375 адам бизнес ашып немесе кеңейту керек. Төртінші лекте біз жоспардың 90 пайызын орындадық. Мұндай көрсеткіштер жобаның тиімділігін және халық арасында сұранысын көрсетеді», – деп атап өтті Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Бизнес-жоспарлардың шамамен 71%-ы ауыл шаруашылығы саласымен байланысты.

Облыс бойынша орташа көрсеткіш – 71,05% – ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар, 28,9%-ы – басқа қызмет түрлері.

Ауыл шаруашылығы түрлері бойынша ең жоғары көрсеткіш Бұқар Жырау ауданында тіркелген – 96%.

 Қарқаралы ауданы, Жезқазған қаласы, Жаңаарқа ауданында да ауыл шаруашылығы саласында жобалар көп.

 Ал облыс орталығындағы бастауыш кәсіпкерлер қызмет көрсету, сауда және өңдеу саласын таңдайды. Қарағанды қаласындағы бизнес-жобалардың 65 пайызы осы салаларға тиесілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер