«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында бірінші облыстық қолөнершілер форумы өтті

2023 жылғы 01 Ақпан
- Қарағанды облысы
4863 просмотров

Достық үйінің концерт залында " Қол өнері – қазақтың төлі өнері "атты облыстық форум өтті. Оны Қарағанды облысының қолөнершілер орталығы және жеке кәсіпкер ALTYN ORNEK бірлесіп ұйымдастырды. Көрмеге қоғам қайраткерлері, қолөнершілер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

Форумның басты мақсаты-ата-бабалардың мәдени мұрасын жаңғырту және сақтау, заманауи этностильде қолөнерді дамыту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу.
Форумда сөз сөйлеген ұйымдастырушы, Қарағанды облысының қолөнершілер орталығының басшысы, "ALTYN ÖRNEK" ЖК директоры Перизат Құлымбетова қазір Қарағанды облысының қолөнерін республикаға, әлемдік аренаға таныту және қолөнершілер санын көбейту бойынша үлкен міндет тұрғанын атап өтті. 
Форумда Шет, Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров аудандары мен Қарағанды, Балқаш, Приозерск қалаларынан 25 қолөнершінің жұмыстарының көрмесі өтті. Көрмеде ұсынылған үздік жұмыстардың авторлары алғыс хаттармен марапатталды. Қалалар мен аудандардың қатысушылары қонақтарға мүсін, тігін, зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.


Форумда спикерлер мен қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Олар Қарағанды облысындағы қолөнершіліктің қазіргі жағдайы, этнотуризм перспективалары туралы айтып, саланы дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы форумға қатысушылар мен жас қолөнершілер үшін бизнесті қалай бастау, пайызсыз несие алу, өз ісін қалай іске асыру және дамыту туралы оқыту семинарын өткізді. Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Менеджер-кеңесшісі Арайлым Серікбай әйелдер бизнесін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.  Қарағанды облысы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалының несие бөлімінің бас маманы Мейіржан Тасқанбаев несиелеу нысандары туралы айтып берді. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығы" КММ бас маманы Саят Мұхтаров Кәсіптік оқыту, кәсіптік бағдар беру және гранттар туралы айтып берді. 
Форумның қортындысында қонақтар мен қатысушылар ҚР мәдениет қайраткерлері – Меруеш Башай, ҚХА жанындағы "Ақниет" ансамблі, "Қарақат" мектеп студиясының оқушылары және басқа да әртістердің концерттік бағдарламасы таныстырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер