СҚО фермерлері бидай глютенінің алғашқы партиясын Бразилияға жөнелтті
«BioOperations» ЖШС өндіретін осы табиғи ингредиенттің экспорт географиясы биыл тағы бір елмен кеңейді.
Облыста өндірілген глютенді Түркия, Беларусь, Ресей Федерациясы, Италия, Нидерланды импорттайды, ал осы жылдан бастап бұл тізімді Бразилия толықтырды.
«Ақпанда тауардың шығу тегін сертификаттау жөніндегі біздің мамандар Бразилияға 45 тонна бидай глютенін әкетуге экспорттық сертификат берді. «BioOperations» ЖШС осы өнімді өндіреді. Сондай-ақ, бұл компания өткен жылдан бастап Ұлыбританияға өзі өндіретін, биоэтанол – өсімдік шикізатын терең өңдеу процесінде алынған биоотынды экспорттайды. Бұл өнім Еуропада автомобиль жанармайының құрамында кеңінен қолданылады. Жүкті «Organic Agro Export»» ЖШС жөнелтті», – дейді СҚОкКәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.
Еске салсақ, «BioOperations» компаниясы астықты терең өңдеумен айналысатын жоғары технологиялық кәсіпорын. Зауыт Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан және биоэтанол, бидай желімтегі – глютен, крахмал, ұн және мал азығын өндіреді. Кәсіпорын «KazFoodProducts» компаниялар тобының құрамына кіреді.
«Біз өндіретін өнімдерді Қазақстанда да, шетелде де сатамыз. Экспорттық елдердің қатарында Өзбекстан бар, онда біз кебек жөнелтеміз, Ауғанстанға ұн сатамыз, Англияға – биоэтанол, бидай глютені мен крахмалды Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, Түркияға, Ресей Федерациясына, Италияға, Нидерландыға экспорттаймыз. Ал осы жылдан бастап біз Бразилияға да экспортты жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл елге көлемі 45 тонна бірінші жүкті жөнелттік. Біз күніне шамамен 40 тонна бидай глютенін өндіреміз. Бұл астықты терең өңдеудің өнімі, ол нан пісіру индустриясында ұнның сапасын арттыру үшін қажет, сонымен қатар төрт-түлікке арналған жемшөпті ақуызбен байыту ретінде кеңінен қолданылады», – дейді «BioOperations» ЖШС сату бөлімінің бастығы Амангелді Казенов.
Биылдан бастап СҚО кәсіпкерлер палатасы тауардың шығу тегін сертификаттау жөніндегі мамандармен барлығы 556 экспорттық сертификат берді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 30%-ға артық көрсеткіш.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: